ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр

18:28, 28 қаңтар 2022

Өткен жылдың тамыз айында Майдан жолы тобы Калуга облысындағы «Батыс майдан. Варшава тас жолы» экспедициясына қатысты. Ресейліктер Павлодарлық іздеушілерден Солтүстік Қазақстан өңірінің тумасы іс-түссіз жоғалған жауынгерді іздеуді өтінген.

1942 жылы 13 желтоқсанда Ржев түбіндегі шайқаста қазақстандық қызыл әскер жауынгері қаза тапқан. Жерлесіміздің есімі ұмыт қалмас үшін жауынгердің немересі майдангер мен шайқас болған жер туралы бар мағлұматтарын «Майдан жолы» іздеу жасағына тапсырған.

Сергей Федоренко, «Майдан жолы» жасағы командирінің орынбасары:

Жауынгердің қаза тапқандармен бірге 380-атқыштар дивизиясының 1264-атқыштар полкінің құрамында болғаны белгілі болды. Жауынгердің аты Надырбеков Айтуған, мүмкін Айтмұқан. Тұрғылықты мекенжайы – Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылтүй ауданы. Әйелінің аты Надырбаева Хадиша.

Егер сіз сарбаз Надырбаевтың туған-туытары жайлы мағлұмат білсеңіз, экранда көрсетілген байланыс телефондарына alex.shitov@mail.ru 8777-461-73-78 хабарласыңыз. Ресейлік іздеу жасағы отандасымыздың қай жерде жерленгенін біледі және оның есімін Ржев мемориалында мәңгі қалдыруға көмек бермек.

 

Құдайберген Бердімұрат, Раиса Моргунова

Тақырып бойынша материалдар

Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
20:37, 20 мамыр 2022
Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...