ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Соғыс ардагерлеріне 2 млн теңгеден беріледі

22:50, 4 мамыр 2022

Павлодар облысында жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 2 млн теңгеден берілетін болды.

Әлия Рахымова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

Бір реттік жәрдемақы 1 млн теңгені құрайды. Алайда облыс әкімінің шешіміне сәйкес бұл көмек 2 млн теңге деп белгіленді. Бүгінде қала, аудандарда аталмыш қаржы беріліп жатыр. Баянауыл ауданында тұратын бір ардагеріміз Нұр-Сұлтан қаласында тіркеуде тұрғандықтан, елордадан жәрдемақыны алады.

Сонымен қатар, облыста екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа санаттағы 6 мың азамат бар. Оларға жалпы сомасы 554,8 млн теңгеден астам біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар