ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Шыбын-шіркеймен күрес

21:55, 24 мамыр 2022

Шыбын-шіркейдің дернәсілдері ауадан да, жерден де жойылып жатыр. Биыл дезинcекция жасалатын жер аумағы айтарлықтай ұлғайған. Бұл жұмыстарға 536 млн теңге бөлінді.

Бүгінге дейін Ертіс өзеніне шіркейге қарсы 29 мың литр бактицид құйылды. Жалпы өңдеу жұмыстарының қашықтығы 1130 шақырымды құрайды. Мамандар зиянкестерді түбегейлі жоюға кепілдік бермейді. Бірақ таралуын айтарлықтай азайтады.

Ермек Ғабдуллин, ғылыми сүйемелдеу тобының мүшесі:

Бұл жерде балық, ұсақ жәндіктеріміз бар. Олар шіркейдің дернісілдерімен қоректенеді. Сол себептен түгелін 100 пайыз жойып жіберу мүмкін емес. Өйткені апатқа әкеледі. Оның орнына басқа нәрселер пайда болуы мүмкін. Сондықтан біздің жұмыс - санын қысқарту.

Қазіргі уақытқа дейін 27 мың гектардан астам жер өңделіп, 70 рет әуеден улау жұмыстары жүрген. Әрбір өңдеуден кейін ғылыми топ тиімділікті анықтайды.

Биыл шыбын-шіркеймен күресуге 536 млн теңге қарастырылып отыр. Оған 70 мың келі биологиялық және 2300 литр химиялық препарат сатып алынды. Атап өтейік, мердігердің қолына аталмыш қаржы тиген жоқ. Қазір ол өз қаражаты есебінен жұмыс жасап жатыр. Өңдеудің тиімділігі болса, сол кезде бірақ қомақты қаржы есепшотына аударылады.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар