ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Шыбын-шіркейді улау жұмыстары жалғасуда

22:56, 18 мамыр 2022

Ертіс өзенінің бойында орналасқан Павлодар облысында маса, шыбын-шіркей мәселесі соңғы жылдары өткір тұр. Мамыр айы келсе болғаны масаның мазаны алатыны соншалық, кей тұрғындар далаға шығудан қалып, шыбынға қарсы түрлі айла-амал қолданады. Биыл мамандар дернәсілдермен күресті ерте бастады. Сондықтан өткен жылдардың өрескел қателігі қайталанбай, жұмыстар нәтижесін беретініне сеніп өтір.

Өңірде шыбын-шіркейді улау жұмыстары қарқын алды. Бүгінде 27 мың га аумақ арнайы препаратпен өңделген. 70 рет әуеден улау жұмыстары жүргізіліпті.  Әрбір өңдеуден кейін ғылыми топ тиімділікті анықтайды.

Әйгерім Қабылтаева, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы:

Бүгінгі таңда авиаөңдеудің орташа тиімділігі 90% - дан асады. Үш апта бойы шыбын-шіркейдің қанатты түріне қарсы өңдеу басталды.

Павлодар қаласында 8733 гектар жер өңдеуге жатады. Бұл әуежай маңы, Усолка, Алюминий зауыты мен шағын айналма жол ауданында орналасқан ұсақ су айдындары.

Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:

Күнделікті кешкі сағат 19:00 ден бастап түнгі сағат 1-2 ге дейін өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы қаланың маңайындағы бүкіл кішкентай су жиналған жерлердің барлығы дизинсекциялық жұмыстарды өткіздік. Ғылыми кеңес арқылы ешқандай көрсеткіш жоқ. Әрі қарай жұмыстар жүргізілуде.

Сәуір айында 61 көп қабатты үйдің жертөлесі өңделді. Одан әрі жұмыс адамдар көп жиналатын жерлерде көпкомпанентті препаратпен химиялық өңдеу бойынша жүргізілетін болады. Қалада 44 саябақ пен сквер, сондай-ақ жағалау бойындағы орталық және кварталішілік аумақтар бар.

Мейрам Өтешов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Ертістің жағалауы, яғни 10 шақырымнан аса аумақ өңделіп жатыр. Бұл жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Аққулы ауданында өңдеу жұмыстарын бастау жоспарлануда, баржа сол жерге жіберілді. Препарат ағызу Бесқарағай ауылынан басталып, Тереңкөл ауданы Жаңабет ауылының маңында аяқталады.

Жалпы ұзындығы 1130 шақырымға 166,7 мың литр биологиялық өнім пайдаланылады.

        

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...