ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Шыбын-шіркейді улау шаралары

19:52, 19 мамыр 2022

Облыс әкімі Аққулы ауылы маңындағы шыбын шіркейді улау жұмыстарымен танысты. Жергілікті тұрғындар күн жылынғалы зиянкестердің қаптап кеткеніне шағымданып отыр.

Қансорғыштарға қарсы өңдеу шаралары Аққулы ауданының Бесқарағай ауылынан басталды.   Өзенге «Бактицид» препараты құйылды. Бірінші кезеңде  зиянкестерге қарсы ауадан өңдеу жүргізілген.  Жалпы дернәсілдермен күрес үш апта жалғасады. Мердігерлік ұйым өкілінің айтуынша, препарат катердің астындағы ағынмен  өзен бойына таралып, еріп кетеді.

Толқын пайда болған кезде баржа оңға және солға қарай араластырып, суға толық жайылады. Бұл – технологияның бір бөлігі. Ал, аймақ басшысының жергілікті аумақта жүргізілген шараларға көңілі толмады.

Осылайша өзенге препаратты құю тәсілі нәтижелі болады деп билік те бұқара да сеніп отыр. Бір текше 15-20 минутта тасталады.  Айта кету керек, өңдеуге тек биологиялық препарат пайдаланылады, ол шыбын шіркейдің дернәсілдеріне ғана әсер етеді.

 

Самал қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...