ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Шыбын-шіркейден үй құстары қырылып жатыр

18:46, 2 маусым 2021

Павлодар іргесіндегі Павлодарское ауылында шыбын-шіркейден үй құстары жаппай қырылып жатыр. Тіпті тұрғындар «Сыртқа шығудан» қалдық деп дабыл қағады. Шыбын-шіркейдің көбейгені сонша, күрес шаралары нәтиже бермей отыр.

Павлодарское ауылының тұрғыны Александра Борисенко көп балалы ана. Отбасының жалғыз күнкөріс көзі - осы үй жануарлары. Өсіріп отырған 100-ден аса құсы шыбын-шіркейден қырылып қалған. Құс етін сатып күн көріп отырған жанұя биыл шығынға батыпты.

Александра Борисенко, Павлодарское ауылының тұрғыны:

Бұл құстар біз үшін азық. Қыстан осы құстардың арқасында аман шығамыз. Біз Ресейден құстарды сатып алдық. Оларды өсіріп,көбейтіп, ақшасына күн көреміз. Бүгінде 5 қазым ғана қалды.  Балапан 1200 теңге. Шыбын-шіркей бұл құстарды «жеп» жатыр.

Тауықтар, үйректер мен қаздарды қорада қамап ұстау, түтін қою, балапандарды тордың ішіне кіргізу сияқты амалдардың ешбірі нәтижесін берер емес. Ауыл тұрғындары тіпті «сыртқа шығудан» қалдық деп шағымданады. Қансорғышпен күрес жұмыстары мүлдем жүргізілмей жатқандығын алға тартады. Ауыл әкімінің орынбасары Амангелді Бекмағамбетовтің айтуынша, өзеннің жағалауы биыл төрт рет өңделді.
Атқамінерлер: «Елді мекен Ертіс бойында орналасқандықтан, шіркейдің каптауы үйреншікті жайт» - деп жайбарақат отыр. Осы жылы өңірде шыбын-шіркейді улауға  қазынадан 600 миллион теңге бөлінгенін айта кетейік. Биыл зарарсыздандыру жұмыстарымен «Қазақсельмаш» мердігер компаниясы айналысып жатыр. Бірақ қыруар қаржыға атқарылып жатқан жұмыстың сапасы мүлде байқалмайды.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
22:51, 16 маусым 2021
ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
Толығырақ...
22:50, 16 маусым 2021
Үкімет қыркүйекке дейін халықтың 60 %-ын вакцинациялауды тап...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...