ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Шомылу маусымына дайындық басталды

18:40, 10 маусым 2021

Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мүделлі мемлекеттік органдармен бірлесе жағажай аумақтарында арнайы рейдтік жұмыстар жүргізді. Ертіс және усолка жағажайларын тексеру жұмыстары 15 маусымға дейін жалғасады.

Жаз мезгілі басталысымен қала аумағындағы шомылатын өзен, су жағалауларында демалатын қарашаның қарасы көбейеді. Төтенше жағдай қызметі мен полиция қызметкерлерінің судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулеріне қарамастан суға бату және жарақаттану жағдайлары жиі кездеседі.

Тлекжан Галямов, қалалық ТЖБ бастығының орынбасары:

Павлодар қаласының ТЖ басқармасы Павлодар қаласының әкімдігімен, ювенальды полициямен, білім беру басқармасымен арнайы рейд жұмыстарын жүргізді. Рейдтің басты мақсаты су айдындарындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу.

Мердігерлер қыркүйек айына дейін жағажайда шомылушылардың  қауіпсіздіктерін жіті бақылайтын болады. Орталық жағажай жұмыстарына бюджеттен  28 млн теңге бөлінген.  Бұл жерге арнайы дәрігерлер мен құтқарушылар отыратын екі  бекет қойылады.  Сондай-ақ, 4 қайық бөлінбек. 30 құтқарушы жұмыс жасайды. Тапсырыс бойынша мұнаралар да орнатылады. Бұдан-бөлек қоқыс контейнерлі де қойылады деп жоспарланған.

Ержан Түсіпбеков, қалалық ТҮКШ сектор бөлімінің  меңгерушісі:

Бүгінгі уақытта, Павлодарда міне пляжға оған ЖШС «Глобус» деген мердігер шықты. Қазіргі уақытта құм әкеліп жатыр. Одан басқа жататын тапчандар әкеліп жатыр. Саңырау көлеңке қойып жатырмсыз.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар басқармасы пробация қызметімен бірлесе сотталған адамдарды қоғамдық жұмыстарға тартуды көздеп отыр. Олар жағалау аймақтарын тазалау жұмыстарын жүргізеді. Онымен қоса, адамдарға қауіпсіздік жадынамаларын тарататын болады.

 

Әсем Оразбекқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...