ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Шомылу маусымы қашан басталады?

19:35, 11 маусым 2021

Биыл суға шомылу кезеңі маусым айының 15-ші жұлдызынан басталады. Әзірге жағалауды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтеншеліктер тек арнайы белгіленген орындарда шомылуға кеңес береді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында айтылды.

Соңғы уақыттарда белгіленбеген жерлерде суға түсу деректері жиілеп кетті. Сала мамандары статистиканың жоғарылағанын рейдтік шараларды жүргізу барысында анықтап отыр. мысалы, өткен айда ғана Екібастұз қаласы маңында кәмелет жасқа толмаған балалар құтқарылған еді. айтпақшы, жасөспірімдерді судан алып шыққан Денис Леонтьев бүгін министр тапсырмасы бойынша «Су айдындарынан құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.

Алексей Двинянин, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Ол, Екібастұзда екі баланы құтқарған болатын. Осы ерлігі үшін ТЖ министрі су айдынында құтқарғаны үшін медалімен марапаттады. Бүгін Шахтерлер қаласында бұл сыйлық табысталады.

Былтырғы жылы 16 адам суға кеткен. Оның 3-і бала. Биыл бұл қателіктерді қайталамау үшін мамандар барынша абай болу керектігін ескертеді. Әсіресе, кәмелет жасқа толмағандарды су айдындарына жалғыз жіберуге болмайды.

Алексей Двинянин, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Барлық аймақ тұрғындарынаың назарына. Міндетті түрде балаларыңызға суға жалғыз бармау керектігін түсіндіріңіздер. Түрлі оқыс оқиғалардың барлығы жауапсыздықтың кесірінен болып жатыр. Сонымен қатар, ақ ұлпаны жақпауды да ескертіңіздер. Осы салдарынан төтеншеліктер күніне 30-40 рет шақыртылымға барады.

Иә, қазір ақ ұлпаның қарша борап тұрған кезі. Қызық қуған ойын баласы қызыл жалып шарпып кетеді деп ойламасы анық. Әрине, осы ретте ата аналардың ескертуі артық етпейді. Жалпы, жыл басынан бері мемлекеттік орман қоры аумағында 28 орман өрті орын алған. Өртке оранған аумақ көлемі 701 га құрайды.

          Суға шомылу тақырыбына оралсақ. Осы маусымда жағалаулар толықтай талапқа сай жабдықталады. Бірақ, елдегі эпидемиологиялық ахуалды да естен шығармаған жөн. Соңғы кездері әлеуметтік желілерде ковид-19 инфекциясы субұрқақтар арқылы да тарайды деген қауесет желдей еседі. Бұл қаншалықты шындыққа жарасады? Мамандардың пікірі мынадай.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Незігінде субұрқақтар шомылуға арналмаған. Бұны, тек пандемияға байланысты емес, жалпы айтып отырмын.  Біз фонтандарды іске қосатын кезде судың құрамына зерттеу жасаймыз. Субұрқақ арқылы вирус тарамайды. Бірақ, суық тиюден өкпенің қабынуы, минингит сияқты аурулар пайда болуы мүмкін.

Облыс бойынша суға шомылуға рұқсат етілген 17 орын бар. оның 4-і Павлодар қаласында орналасқан. Жағалауға баратын кезде сақтық шаралары туралы ұмытпаған абзал. Айта кету керек, Павлодар облысы бүгіннен бастап жасыл аймаққа өтті. Бұл босаңсуға болады деген сөз емес.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...