ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ШЕШЕН-ИНГУШ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕР АУДАРЫЛҒАНЫНА 77 ЖЫЛ

20:19, 24 ақпан 2021

Ақпан айының 23-нен наурыздың 9-на дейінгі аралық Қазақстан аумағында тұратын шешен-ингуш этносы үшін ерекше күндер. Дәл осы уақыт аралығында аталған халықтың депортациясы жасалды. Оқиға екі ел тарихында да терең із қалдырды. Ата-бабаларды еске алу және қазақ халқына құрмет көрсету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілдері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

1944 жылдың 23-ақпаны мен 9-наурыз аралығында жарты миллионнан астам шешендер мен ингуштар Орта Азия аумағына қоныс аударды. 180 эшелон болып жеткен халықтың әрбір төртіншісі көш кезінде және  қоныстанудың алғашқы жылдарында бақилық болды. Аталған ұлттың атамекені Шешен-Ингуш АССР таратылып, оның аумағында Грозный облысы құрылды, аудандардың бір бөлігі Солтүстік Осетия, Дағыстан және Грузияның құрамына кірді. Сол кезеңдегі жантүршігерлік оқиғаларды Хамзат Даурбековтің әлі көз алдында. Ақсақал ол тұста  12 жаста еді.

Хамзат Даурбеков, Павлодар қаласының тұрғыны:

Менің әкем 44-ші жылы қайтыс болды. Біз үйде бауырларымызбен қалдық. Бізді бір жас жігіт тауып алып, үйіне апарып, жуындырып, тамақ берді. Сонан соң Ақтоғай ауданындағы балалар үйіне алып кетті. Онда 6 жыл болдық. Содан кейін Спартакта тұратын әпкем бізді тауып, алып кетті. Ол жер жақсы қабылдады. Біз қайда болсақ та ел үйіне кіргізіп, ас беретін.

Ар-Рахман мешітінде депортацияға қатысушыларды еске алып, дұға оқылды. Бұл оқиғалардың Қазақстан аумағында тұратын шешен-ингуш этносы үшін маңызы зор, - деп атап өтті Михаил Аушев.

Михаил Аушев,  облыстық ҚХА шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы:

Біздің осы тарихи күнді өте құрметтеп, есімізде сақтаймыз. Қиындық көріп келген біздің халқымызды Қазақстанның ақжүрек халқының қолдағаны да мәңгілік жадымызда.  Бізді жылы қабылдап, жарты нанымен бөліскендері үшін құрметтейміз. Сол кезде әрбір сөз бен бір тілім нанның өмірлік мәні болды. Біз сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасына Қазақстанның егемендігін сақтап қалғаны үшін ризамыз. Бейбіт аспан астында қаншама этностар ынтымақтастық пен келісімде өмір сүріп жатыр.

Қатысушылар қайырымдылық акциясына да ат салысты.  70-ке жуық отбасы 4 кг сиыр еті мен азық-түлік жиынтығын алды. Олардың қатарында бес баланың анасы Гүлшаш Шаймұрат та бар. Жұбайы гемодиализ әдісімен емделіп жатқан  келіншектің жанұясы қиын жағдайда.

Гүлшаш Шаймұрат, павлодар қаласының тұрғыны:

Коп коп рахмет айтам осылай бізді қолдап көмек жасап жатқанына ниетінен.

Айта кетейік, мұндай азық-түлік жиынтығы Ертіс өңірінің 70-ке жуық отбасына беріледі.

 

Гүлсара Мәлікова, Ринат Абдулкаюмов

Тақырып бойынша материалдар

КӨПБАЛАЛЫ АНА СОТ ЗАЛЫНДА ҚАМАУДАН БОСАТЫЛДЫ
19:08, 14 сәуір 2021
КӨПБАЛАЛЫ АНА СОТ ЗАЛЫНДА ҚАМАУДАН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ДҮКЕНДЕРІНДЕГІ АРАҚ-ШАРАП ТЕГІС ЖОЙЫЛДЫ
19:07, 14 сәуір 2021
АУЫЛ ДҮКЕНДЕРІНДЕГІ АРАҚ-ШАРАП ТЕГІС ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...