ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Шаруаларға жанар-жағармай жете ме?

16:57, 5 тамыз 2022

Егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Дәл осы уақытта шаруалар арзандатылған дизель отынына қол жеткізгісі келеді. Бірақ кей шаруа қожалықтары мәселе барын жасырмады. Бұған ауыл шаруашылығы басқармасында не дейді?

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сату фактілерін анықтады. Агенттік жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында барлық өңірде жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр. Осы ретте заңсыз түрде жеңілдетілген дизель отынын шетелге шығару жағдайларын алдын алу мақсатынд бізде де  жұмыстар басталды.   

Ербол Кәрімов, Павлодар облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысының м.а:

Егер тиісті органдар мен ұйымдардың қатысуымен осындай факторлар болса, яғни тасымалдау, жетіспеу немесе бағаның көтерілуі  сынды жағдайлар болса экономикалық тергеу департаментінің 61-33-05 нөміріне  хабарлсауға болады.    

Ербол Кәрімовтың сөзінше, біздің өңірде заңсыз дизель отынын сату фактілері тіркелмеген. Барлық аумақтар цифрландырылғанмен  шаруаларға бәрібір жанар-жағармай жетпейтін көрінеді.  

Гүлзира Қазылова, «Ақжар-өңдіріс» ЖШС директоры:

Бір гектарға енгізілген нормативтер жетпейді. Факт бойынша айтсақ, шығындар көп шығады.  Бірнеше рет өңдейтін уақыт болады, оның бәрі есептелмейді.  

Есентай Мұрсалимов, ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Егер бізде жинауға, мысалы астықты –  17,7, майлы дақылдарға – 16 картоп пен көкөністерге -70, бақша өнімдері – 50 литр жұмсалады. Бір жылдық шөптерге де көлемді арттырдық. Технологиялық карталар ғылыми топпен бекітілді, ауыл шаруашылығы министрілігімен расталды. 

Сондықтан шаруалар шөп шабуға, астық кептіруге дизель отынын  коммерциялық бағаға сатып алуда. Қыркүйекте кептіру бойынша өтінім қабылданады. Баға нарықтан төмен болады.

Ербол Кәрімов, Павлодар облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысының м.а:

Жұмыс тобын құрамыз. Павлодар мұнай химиялық зауытымен келісім бар, көлемді арттырамыз. Осы сұрақпен айналысамыз.  

Бірақ фермерлерді өтінімге оператормен қол қойылмаса не істейміз деген сұрақ толғандырады.

Есентай Мұрсалимов, ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Егер сіз өтінімді 20 шілдеде берсеңіз 20 күн өткеннен кейін өтінім  жойылады. Қайта беруіңізге болады.   

Тағы бір мәселе 500 тонна көлемінде жанар жағармайға келісімшартқа отырсаңыз, ол өтінім қаншалықты сақталады.

Есентай Мұрсалимов, ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Егер өтінім төленді, бірақ әкетілмесе, басқа шаруа оны ала алмайды. Бұл көлем 20 күн бойы солай тұрады. Яғни ешкім ол дизель отынына өтінім бере алмайды. Сондықтан шаруаларға айтарымыз егер өтінім берсеңіз, бірақ жанармайдың көлемін бірден ала алмасаңыз, бөліп алуға болады. Ол жанармай жоғалып кетпейді. 

Павлодар облысына биыл күзгі егістік жұмыстарына 23 мың тонна арзандатылған дизель отыны берілді. Операторлардың қызметінсіз дизель отынының 1 тоннасы 222 000 теңге, литріне 186 теңге. Ал, оператормен  1 тонна құны 228 000 теңге болса, литріне 191  теңге шығады.

Төлеген Көшербаев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а:

Қазіргі уақытқа 11 147 тоннаға өтінім келіп түсті. Оның 6326-сы төленді. 2959-ы жіберілді. Дизель отынымен қамтамасыз ету ол біздің басқарманың бақылауында. Күн сайын операторлардан ақпарат алып аудандарға жібереміз.

Бірақ, операторлар сатылған дизель отынына  тиесілі жеріне жеткенше дейін жауап бермейтін болып шықты.

Татьяна Нам, жанармай операторының өкілі:

Біз оператор ретінде бұл процесті бақылай алмаймыз. Біз құжаттарды алдық, салдық, көлікті жібердік. Сыртқа шыққаннан кейін оған шаруа өзі жауап береді.  Жетті мен жетпеді ме өзі жауап береді.

Осыған дейін арзандатылған дизель отынына арнайы бояу қосатын. Мүмкін сол тәжірибеге қайтып келген дұрыс, себебі сұйық отынды заңсыз сатқан азаматтар өте сирек жауапқа тартылады. 

 

Самал Қалиқызы, Мурат Абилмажит

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...