ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Шаруаларға мемлекеттен қандай қолдау бар?

22:02, 8 маусым 2021

Облыста тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бағытындағы жұмыстар жиі сынға ұшырайды. Бүгінгі аппарат отырысында бұған жауапты басқарманың жаңа басшысы таныстырылып, аймақ басшысы бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Шаруаларға мемлекеттен қандай қолдау бар?

Аппарат жиынында алдымен облыс әкімінің өкімімен облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне Салханов  Ержан Маратұлы, ал облыстық құрылыс басқармасының басшысы болып Қабылбеков Хасар Әйтбекұлы  тағайындалды.  Ал, күн тәртібінде  екі сұрақ қарастырылды. Олардың алғашқысы 5 маусымда аяқталған көктемгі егістік жұмыстарының қорытындысы. Егістік 1 млн 802 мың гектар аумақта жүргізілді.

Нұрболат Мақашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Әлеуметтік маңызы бар азық түлік ұлғайту мақсатында биылғы жылы күнбағыс алқаьы ұлғайтылды. 17 тонна артыруға мүмкіндік береді. Қарақұмық 6,1 мың гектарға түсімін алуға мүмкіндік береді.  Жалпы түсімін арттыруға көзделуде.

Биыл шаруа қожалықтарының техникалары жаңартылып, арзандатылған жанар жағармаймен толық қамтылды.  Аграрлық несие корпорациясы арқылы көктемгі жұмыстарды қаржыландыруға 4 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Бұл өз кезегінде материалдарды уақытылы дайындауға мүмкіндік береді.

Нұрболат Мақашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Жалпы Әбілқайыр Бақтыбайұлы биыл болжам өткенмен салыстырған жақсы. Көктемгі егістік кезінде ылғал болды. Барлық аудандарда бірқалыпты жұмыстар жүргізілуде.

Басқарма басшысы жалпы  мәселе жоқ деп сендірді. Алайда кейбір аудандарда жанар жағармай бойынша кемшіліктер бар екені анықталды.

 

87 үй ғана МИБ-ке өтті  

Сонымен қатар, аппарат жиынында бұл мәселеден бөлек ПИК-тердің меншік иелері бірлестіктеріне өтуі бойынша жұмыстар нәтижесі пысықталды.

Ержан Салханов, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:

Қазіргі таңда облыста басқарудың жаңа формасына тек 87 көпқабатты тұрғын үй өтті. Олардың ішінде 48 меншік иелері бірлестігіне, 43 қарапайым серіктестікке өтті.

Жоспар бойынша 5 айда 110 үй меншік иелеріне, 40 үй қарапайым серіктестікке өтуі тиіс еді. Алайда жасалып жатқан жұмыстар осал ма, тұрғындардың немқұрайлығы ма? Жоспар орындалмай отыр.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Өткен жылы есімде бірінші болып бізде меншік иелері бірлестігі тіркелді.  Бірақ,  бүгінгі динамикаға қарасақ, жүйелі түрде бұл бағытта ешкім жұмыс жасамай жатқанын көрсетіп тұр. 

Жаңа Заңға сәйкес, пәтер иелері кооперативі 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін ғана жұмыс істейді. Ал одан кейін  қызметін жалғастыруы үшін басқарушы компания не сервистік ұйым ретінде қайта құрылуы керек. Басқару форматын ауыстыру тұрғын үйлердегі жұмысты жақсартуға да бағытталған.   

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Қала мен аудан әкімдеріне басқарудың жаңа формасына ауысуды бекітіліген жұмыс картасына сәйкес қамтамасыз етуді тапсырамын. Ол формалды түрде шыққан, қайта толықтыру керек. Тұрғындар арасында ақпараттандыруды күшейту қажет. Бұл жүйе тұрғындарға не беретінін нақты жеткізу керек.

Аймақ басшысы сондай-ақ, облыста, көгалдандыру бойынша мәселе бар екенін жасырмады. Гүлдер, ағаштар, жасыл қор кеуіп жатыр.  Жол жиектері мен жолдар да көңіл көншітпейді. Осы ретте Әбілқайыр Сқақов осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...