
Павлодар қаласының тұрғындары өздері тұратын аулаға сұлулық сыйлап, түрлі мүсіндермен безендіріп қойған. Біздің түсірілім топ павлодарлықтардың жасап жатқан жұмыстарымен танысып қайтты.
Тұрғындар әр жұмысты жұдырықтай жұмылып атқарады. Сондай-ақ, ауланы тек сәндеп қана қоймай, оны таза ұстауға да тырысады.
Алина Серікпаева, Павлодар қаласының тұрғыны:
Маған осы жерде миньондар ұнайды. Бізде оны әжелер, балалар бірге жасап, ұйымдастырды. Әр пәтерде, подъездерде, площадъкаларда әр түрлі гүлдермен, жаңа жылда мишуралармен безендірген.
Нұрбақыт Ермеш, Павлодар қаласының тұрғыны:
Біздің үйдің тұрғындары бірлесіп, осындай қуыршақтармен безендіріп жатыр. Бұл қаламыздың әдемілігіне өзінің кішкене үлесін қосады деп ойлаймын.
Қарасаң көздің жауын алатын аула - мультфильмдер әлемі тәріздес. Осы ауладан өтетін қала тұрғындарының айтуынша, бұл жерде балалық шаққа саяхат жасағандай боласың....
Құдайберген Бердімұрат, тілші:
Дәл осындай қуыршақтармен, сонымен қатар мүсіндермен жергілікті тұрғындар безендіріп қойған екен. Бұл – біздің қаламыздың сұлулығына сұлулық қосады.
Құдайберген Бердімұрат