ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Шаһар ажарын ашатын нысандар

20:49, 16 шілде 2021

Былтырдан бері қала басшылығы шаһардың ажарын ашатын нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын қолға алған еді. Бұл тізімде орталық мешіт пен бірнеше шіркеу бар. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 81 млн теңге қарастырылыпты. Облыс орталығындағы мен мұндалап, шамдары жарқырап тұратын нысандарға әріптесім Зұлқарнай Ермұратұлы барып қайтты.

Ағымдағы жылы архитектуралық жарық шамдар облыс орталығындағы ең ірі 5 нысанға орнатылған болатын. Қазіргі таңда оның 4-індегі жұмыстар толық аяқталды. Олар: М.Жүсіп атындағы орталық мешіт, «Айналайын» паркі, Хим қалашық пен Камазин көшесіндегі шіркеу және Торайғыров көшесінің бойындағы көп қабатты тұрғын үй.

Рахим Қасенов, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

Бүгінгі таңда осы нысандардың 4-і толық аяқталды. Торайғыров көшесіндегі нысанда әлі күнге дейін жарық шамдар орнатылып жатыр. Бұған жауапты мердігер өз ісіне мұқият қарады. Нәтижелі жұмыстың қорытындысын міне, көріп тұрсыздар. Шамамен қыркүйек айында толық аяқталады деп жоспарлап отырмыз.

Бұл жұмыстарға бюджеттен 81 млн теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа жарықтандыру құрылғыларын монтаждау жұмыстары мен оларды күтіп ұстау кіреді. Айта кету керек, электр энергиясын пайдаланудағы шығынды жергілікті әкімдік өтейді.

Рахим Қасенов, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

Келтірілген ай сайынғы шығын қалалық әкімшілік есебінен төленіп тұрады. Себебі, бұл нысандарды күтіп, баптау жергілікті әкімдіктің балансында.

Ескере кету керек, осы нысандардағы архитектуралық жарық шамдар кешкі сағат 22:00 мен түнгі 02:00 аралығында қосылып тұрады. Электр қуатын үнемдеу мақсатында екіден кейін өшіріледі. Мамандар алдағы уақытта тағы 5 нысанды жарықтандыруды жоспарлап отыр.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...