ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«СӘЛЕМ, ПРИВЕТ, HELLO, HALLO»

20:21, 24 ақпан 2021

Көптілділік қашан да құпталады. Бірнеше тілді меңгеретін адам әрқашан бәрін үлгеретін, білімді азамат екені сөзсіз. Көш басында жүреді. Көп тілді меңгерген қыздар жайлы келесі сюжеттен көрейік.

Бірнеше тілді қатар меңгеру адамның кәсіби, әрі жеке тұлғалық қасиеттерінің жоғары екенін білдіреді. Сондықтан ерте жастан-ақ тілдерді үйренуге баса назар аударған дұрыс. Бұл болашаққа керемет кепілдік беріп, дүниетанымды кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазіргі заманда тілдерді меңгеру өте оңай. Бұл үшін шет тілінде фильмдер мен мультфильмдер көріп, музыка тыңдап, ойындар ойнасаңыз жетерлік. Дәл осындай әдісті Абай атындағы гимназияның оқушылары таңдаған. Әпкелі-сіңілі Аяла мен Алуа бес тілді біледі.

Аяла Зада,  8-сынып оқушысы:

Казахский и русский языки мы знаем с самого детства... Қазақ және орыс тілін біз бала күнімізден білеміз. Ол бірі біздің туған тіліміз болса, екіншісі ресми тіл. Анамыз ағылшын тілінің мұғалімі, біз онымен бірге мультфильм көріп, музыка тыңдап, ойын ойнадық. Кейін бізде басқа тілдерді меңгеруге  деген құлшыныс туды.

Алуа Зада, 10-сынып оқушысы:

Одан бөлек, неміс және қытай тілін білеміз. Бұл тілдердің екеуі өте танымал, бәріне белгілі.  

Пандемия кезінде тілдерді мобильді қосымшалар, сайттар арқылы меңгеріп жетілдіруге болады. Сондай-ақ, әлеуметтік желі арқылы да тіл үйренуге мүмкіндік бар.  

 

Самал Қалиқызы,  Ринат Абдулкаюмов

Тақырып бойынша материалдар

КӨПБАЛАЛЫ АНА СОТ ЗАЛЫНДА ҚАМАУДАН БОСАТЫЛДЫ
19:08, 14 сәуір 2021
КӨПБАЛАЛЫ АНА СОТ ЗАЛЫНДА ҚАМАУДАН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛ ДҮКЕНДЕРІНДЕГІ АРАҚ-ШАРАП ТЕГІС ЖОЙЫЛДЫ
19:07, 14 сәуір 2021
АУЫЛ ДҮКЕНДЕРІНДЕГІ АРАҚ-ШАРАП ТЕГІС ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...