ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Сбербанк штаттық режимде жұмыс істейді

10:20, 14 қаңтар 2022

Павлодардағы Сбербанк штаттық тәртіпте жұмыс істейді, бұл туралы банк филиалында хабарлады. Төтенше жағдай кезінде қолма қол ақшамен банкоматтардың қамтылуы маңызды болды, осы ретте Сбербанктің банкоматтары өңірде бірінші болып жұмысын бастады.

Александр Калинин,  «Сбербанк»  АҚ Павлодар қалалық филиалының директоры:

Әкімдік пен Полиция департаментінін бірлескен көмегімен банкоматтарды қолма қол ақшамен толтыру мақсатында барлық шара қолдандық. Қолдау білдіргендері үшін оларға алғыс айтамын.  

Сбербанк ұжымының өкілдері қазіргі сын сағатта зардап шеккен өңірлерге, ондағы адамдарға  кез келген көмек маңызды дейді. 

Александр Калинин,  «Сбербанк»  АҚ Павлодар қалалық филиалының директоры:

Сондықтан біздің қызметкерлер  өздерінің бір күндік  жалақыларын   «Жаңа Алатау» қорына аударып жатыр. 

Қазір банктің барлық қызметтері толық көлемде қолжетімді. Одан бөлек, жеке және заңды тұлғалардың депозиттеріндегі сыйақы мөлшерлемесі артқан. 

 

Самал Қалиқызы, Ерғали Рамазанулы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
20:19, 23 мамыр 2022
Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
Толығырақ...