ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Сарбаздарға тосынсый жасалды

12:43, 7 мамыр 2022

Бүгін 5512 әскери бөлімінде жас сарбаздарға аналары келіп тосынсый жасады. Ұмытылмайтын ерекше сәтке біздің түсірілім топ та куә болды.

Отанқорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған шара әдеттегідей басталды. Плацта тұрған жас сарбаздар мен командирлері мереке қарсаңында жылы-жылы сөзге ие болды.

Ғалымжан Шарапатов, ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы:

Болашақ деп жатырмыз. Болашақ сендердің қолында жерімізді қорғап, Олжабай, жасыбай батырлар сол үшін қалдырған. Жеріміз тыныш болсын, еліміз бірлік болсын. Сендерге тек қана жақсылық тілеп жатырмын.

Шара барысында ортаға қатардағы жауынгер Александр Викулов, Әлді Оспан, Тимофей Красников шықты. Бұл сарбаздар үшін «Жас Отан» партиясы естен кетпейтін тосын сый әзірледі. Алыстан ат терлетіп аналары, туыстары келді.  

Мәселен, Әлді Оспанның анасы Саягүл Оспанова Қарағандыдан келген. 5 ай бұрын ұлын әскерге әкетерде жібергісі келмегенін айтады.

Саягүл Оспанова, Әлді Оспанның анасы:

Балам өзі барғысы келді. Мен кез келген ана секілді қарсы болдым.  Отан алдындағы борышын өтеуге келді.  Әрине ұлыммен мақтанамын. Өте қобалжып тұрмын. Қуаныштымын.

Әлді Оспан, №5512 әскери бөлімінің сарбазы:

Күтпеген сый болды.  Аты жөнімді айтып шығасын деді. Шықтым. Енді қарасам анам алдымда келе жатыр. Қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. Осы 5 ай ішінде анамды, туыстарымды сағындым.

Салтанатты шарада «Аманат» партиясы мен «Жас Отан» жастар қанаты атынан сарбаздар мен командирлер марапатқа ие болды.   

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар