ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Саптық жүріс пен ән байқауы өтті

12:48, 7 мамыр 2022

Павлодардағы Гагарин атындағы саябақта еліміздің Қарулы күштерінің 30 жылдығына және Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында облыстық саптық жүріс пен ән байқауы өтті. Оған облыстың түкпір-түкпірінен 450 оқушы қатыстып, бақтарын сынады.

Әскери патриоттық іс шара 4 кезең бойынша өтті. Ол взвод командирінің теориялық дайындығы, сыртқы келбеті, саптық жүріс және ән байқауы. Іс шараның мақсаты - жас  ұрпақтың еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Бақтияр Түсіпов, аймақтық дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық орталығының басшысы:

Бұл сайыс отан сүйгіштіке тәрбиелеу Қазақстан патриотизмін ояту және барлық ер азаматтарды отан алдындағы парызын өтеуге дәріптеу мақсатында жүргізіледі.

Өңірдің 3 қаласы мен 12 ауданынан жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқушылар бір ай бойы дайындалған Бүгін бар үйренгендерін ортаға салды.    

Сара Жолдыбаева, 9 сынып оқушысы (Тереңкөл ауданы):

Әрбір азамат Отан қорғаушы болу керек. Өз еліне сүйіспеншілікпен, махаббатпен қарау керек.

Ерзат Рахымжан, 10 сынып оқушысы (Ертіс ауданы):

Орын аламыз деп үмітенеміз. Тырысып жүрміз.  Отан қорғаушылар күні құтты болсын барлықтарыңызға. 30 жылдығымен құттықтаймыз.

Нұрлан Нұрымов, 8 сынып оқушысы (Железин ауданы):

Осы келешекте 11 сынып бітіргенде полиция қызметкері болғым келеді. Сол үшін маған спортпен жаттығу керек. Өте үлкен болуымын керек, преступниктарды ұстау үшін.

Сайыс қорытындысы бойынша Ақтоғай ауданы бірінші орын иеленсе, екінші орын Тереңкөл ауданына, ал үшінші орынды Успен ауданы алды. Жеңімпаздарға марапаттау қағаздары мен медальдар табыс етілді.


 
Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар