ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды

12:02, 21 қыркүйек 2021

1 қыркүйектен бастап жалпы ұлттық халық санағы басталды. Дәстүрлі форматтан басқа, сұрақтарға дербес жауап беру арқылы онлайн режимінде өтуге болады. Павлодарское ауылында электронд ытүрде тіркелген адамға ақшалай сыйлық беріледі.

6000-нан астам тұрғыны бар ауыджа халық санағы ерекше тәсілде өткізіліп жатыр. Мәселен, тізіиде 100-ші болып тіркелген әр тұрғынға ауыл әкімдігі ақшалай сыйлық табыстайды. Сондай-ақ, тұрмыстық техникалар да сыйға береді.

Амангелді Мешітпаев, ауыл тұрғыны:

Бүгін менің бағыма орай, осы ауылдың тіркелген 100-ші адамы болдым. Отбасымды тіркеу қиынға түспеді. Тұрмыстық жағдайдағы сұрақтар қойылды, үйдің аумағы қандай, адам саны, табыс көзі секілді қарапайым сұрақтар болды.

Елді-мекен тұрғындары үшін әрине, бұл тиімді тіркелу үрдісі болып табылады. Ауыл әкімінің айтуынша, бұл методика белгіленген жоспарды мерзіміне дейін аяқтау үшін ойлап табылған. 

Сырым Рушанов, Павлодарское ауылының әкімі:

Ауыл санағын өту үшін ауыл тұрғындарына акция ұйымдастырдық. 100-ші болып отбасысын тіркеген ауыл тұрғыны, демеушілер тарапы ұсынған 10 000 теңгені ұтып алады. Бұл аталмыш жоба, тез-тез, уақытында тіркелу үшін істеліп жатқан жұмыс, ауыл тұрғындары жақсы қатысып жатыр, біздің акциямызды қолдап жатыр.

Электронды тізімге отбасын енгізу ауыл тұрғындарының айтуынша, қиындыққа соқпайды. Өздері тіркеле алмаған жандар, санақ жасау учаскелеріне барып жүгінсе болады.  

 

Құдайберген Бердімұрат

Тақырып бойынша материалдар

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
22:58, 21 қазан 2021
«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...