ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Салық және кеден тексерулері уақытша тоқтатылды

19:31, 21 қаңтар 2022

Әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру мақсатында кәсіпкерлерді қолдау үшін 2022 жылдың ақпан айына дейін бақылау шаралары уақытша тоқтатылды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Мемлекет басшысы экономиканы тұрақтандыру жөніндегі кеңесте бірқатар тапсырма берді. Олардың ішінде 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдарымен басталған барлық тексеру тоқтатылады. Сонымен қатар, аталған мерзімге дейін мемлекеттік кірістер органдарымен, құқық қорғау органдарымен, өз қызметтеріне қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің арыздары бойынша тексерулерді қоспағанда жаңа тексерулер тағайындалмайды.

Галина Бирюкова, мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы:

Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылау жүргізуді, оның нәтижелері бойынша хабарламалар мен салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды қалыптастыруды уақытша тоқтатты.

 

Банк шоттарындағы операциялар: Қандай өзгерістер бар?

Енді банктер салыққа қарыздары толықтай төленген жағдайда кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың банк шоттарын дербес аша алады. Аталған өзгерістер 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

Галина Бирюкова, мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы:

Естеріңізге саламыз, өткен жылдың 1 шілдесінен бастап енген өзгерістерге сәйкес, егер салық берешегі 18 мың теңгеден кем болса жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бактік шоттары жабылмайды. Бұл өзгерістер кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
20:37, 20 мамыр 2022
Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...