ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Сайлаудың әділ өткені маңызды

18:27, 22 шілде 2021

Шілденің 25-ші жұлдызында Қазақстан көлеміндегі ауыл әкімдерін сайлау процесі өтеді. Бұл шара Павлодар облысында да жүзеге асырылады. Елді-мекендердің жаңа әкімдерін ауыл тұрғындары өздері салайды. Павлодар облысында осы жұмыстардың әділ өтуін қадағалайтын бақылаушылар саяси науқанға дайындықтарын пысықтады. Тереңкөл ауданындағы мониторингтік жұмыстардың өту процесін біздің арнаның түсірілім тобы да көріп қайтты.

Павлодар облысы бойынша партиялық емес орталықтың атынан ауыл әкімдерін сайлау процесін 400-ге жуық бақылаушы қадағалайды. Олар учаскелік комиссияның, тексеріс жүргізетін мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйым қызметкерлерінің жұмысына сараптама жасап, мониторинг жүргізеді. Осыған байланысты мамандар Тереңкөл ауданына қарасты Бақоныс ауылындағы №284-ші сайлау учаскесіне арнайы бас сұқты. Арнайы уымдастырылған сайлау учаскесінде түрлі келеңсіздіктердің алдын-алу бойынша дайындық жұмыстарын жасады. Себебі, бұл саяси науқанда бармақ басты, көз қысты әрекеттер болмауы керек.  Тереңкөл ауданы бойынша 4 ауылдық округете сайлау өтеді. Дауыс берушілердің саны бойынша Байқоныс ауылы ең көлемдісі.

Алма Қозыбаева, «Партиялық емес бақылау ұйымы» ҚБ ПОФ төрайымы:

Күні бүгінге дейін қарап отырмыз. Жалпы осы аудандардың адамдары сайлауға баруға дайын. Өйткені бұл олардың болашағы. Олардың ертеңгі күндері. Және де міне үміткерлердің жұмысын көріп жатырмыз. Әрине олар әрбір үйдің тұрғындарымен кездесіп жатыр. олар өз бағдарламасын түсіндіріп жатыр екен. Біздің ең басты мақсатымыз жалпы осы сайлауды ашық, анық, адал өткізу.

Байқоныс елді-мекеніне келген сарапшылар санитарлық талаптардың қалай сақталатындығына да назар аударды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың сауйлауға келуіне қолайлы жағдай жасау керектігіне мән берді. Айта кету керек, Тереңкөл ауданындағы аумақты комиссия төрайымының сөзінше саяси науқанға қатысатында саны көп болады. Бұл жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жасалыпты. Республикалық масштабта қолға алынып жатқан шара ешкімді бей-жай қалдырмауы керек.  

Әйгерім Рамазанова, №284 сайлау учаскесі комиссиясының төрайымы:

Әрбір отбасыға кіріскен кезде кейбіреуінің тарапынан сұрақтар туындап жатты. Мысалы, неліктен бізге кандидаттарға басқа жақтан кандидаттар қойылады, негеі біздің өзіміздің ауылымыздың тұрғындары болмайды деген. Бұрын істеген әкімдер болса, олар жұмыстарын жақсы атқарып жатыр, неге сол жұмысын әрі қарай атқарып жіберуге болмайды деген мақсатта сондай сұрақтарды қойып отырды. Бірақ, оның барлығын заң жүйесінде әрбір әкім 4 жыл сайын ауысып отыру керектігін біз түсіндірдік. Халық қазір сайлау жүйесіне қатысатындарына мәз.

Жалпы Павлодар облысы бйынша 126 сайлау учаскесі жұмыс жасайды. Саяси науқанға қанша адам қатысқандығы қорытынды шыққаннан кейін бір аптадан соң анықталады. Ал, қазір тек Павлодар облысы бұл процесске 100 пайыз дайын екендігін ғана аңғаруға болады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

 

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...