ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Референдум - жаңа Қазақстанның жаңа келбеті

20:34, 23 мамыр 2022

Павлодар облысына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы, сенат депутаты Әли Бектаев келді. Облыстық филиалдың кезектен тыс конференциясы өтті. Оның барысында аймақтық филиалдың жаңа төрағасы сайланды.

Павлодар өңіріне жұмыс сапарымен келген  Сенат депутаты Әли Бектаев партия кеңесін өткізді. Бас қосуда екі мәселе қарастырылды.  Сондай-ақ жиын барысында өңірлік филиалдың жаңа төрағасы сайланды. Саяси кеңесте 5 маусым күні өтетін референдумға жастарды тарту жайы да сөз болды. Себебі халықтың 42 пайызы ауылдық жерде тұрады.  

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:

Келешегі, перспективасы жоқ ауыл жоқ ауыл болуы мүмкін емес. Ол ауылға жағдай жасауға байланысты. Ауылға жағдай жасап, жолын апарса, мысалы, жарығын апарса, мектебін салса. Одан кейін адамдарды сол жерде тұруға жағдай жасалса. Ол ешқайда көшпейді. Ауыл көшіп кеткен күннің өзінде де сол жерде 50 отбасы, 50 адам болса да қалады. Себебі, сол жерде ата қоныс. Сол ауылдың айланасында бабалардың сүйегі жатыр.
Референдум - мемлекет ішіндегі маңызды қадам. Отырыс барысында Ата заңымыздың баптары мен тармақтарына енгізілетін өзгерістер жайы да айтылды. Партия мүшелері референдумды  бір ауыздан қолдайтынын жеткізді.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:

Референдумның ең негізгі мақсаты осы Конституцияға енгізілетін өзгерістерге өзгерістерді қабылдау, қабылдамау мәселесіне жалпы, мемлекеттің басқару процессіне халықтың толық өз құқығын пайдаланып соған қатысу мәселесі. Сондықтан біздің тұрғындардың референдумға толық келіп қатысудың өте маңызды. Себебі, әрбірі өзінің мүмкіндігін өзінің Конституциялық құқығын пайдалану керек.

Кейін Сенат депутаты жоғары түсті металлургия колледжіне  барды. Білікті мамандарды даярлайтын білім беру мекемесі 100 пайыз студенттерін жұмыспен қамтып отыр. Кездесуде ауылшаруашылық және өнеркәсіп саласын дамыту мәселесі қозғалды.

Айзада Құрманова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Ел Президенті  техникалық білім беру саласын дамыту мәселесіне  ерекше тоқталған болатын. Жыл сайын колледждердің керекті оқу-әдістемелік және техникалық база дами түседі. Жастар үшін барлық жағдай жасалып келеді.

Жиында елімізде болатын референдумның маңыздылығы да айтылды. Себебі зайырлы мемлекет құру әр азаматтың құқығы.


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...