ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Референдум маңыздылығы талқыланды

20:19, 16 мамыр 2022

Ата-заңға енгізілетін өзгерістер Жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындап береді. Бұл мақсатқа жету үшін биліктің халық үніне құлақ асып, ел пікірін ескеруі қоғам сенімін күшейтеді.

Мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Анатолий Бойчин және Вера Ким  Успен тұрғындарына заңда енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайында егжей-тегжейлі айтып берді.

Айгүл Нұркина, ҚР мәжіліс депутаты:

Біз таңдау учаскесіне барғаннан кейін өз пікірімізді білдіруіміз керек. Маңызды іс шараға әрбір азамат қатысу керек.  

Ауыл тұрғындары Конституцияға енгізілген өзгерістерге қызығушылық танытып, өз сұрақтарын қойды. Мәжіліс депутаты Вера Ким адам құқықтарын қорғау аясындағы заңдарды түсіндірді. Сол күні республикалық штаб мүшелері Лозовое ауылының тұрғындарымен кездесті. Мәжіліс депутаты Анатолий Бойчин республикалық штабтың жұмысына тоқталып, таяу уақытта шалғай ауылдарда түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Тақырып бойынша материалдар

Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
09:27, 6 шілде 2022
Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...