ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Референдум маңыздылығы

20:30, 23 мамыр 2022

Республикалық штаб мүшелері Айгүл Нұркина, Анатолий Бойчин, Вера Ким және облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Әйткенов Ертіс ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме жүргізілді.

Алдымен депутаттар шығармашылық және спорт өкілдерімен кездесті. Басты тақырып - 5 маусым күні өтетін референдум.

Айгүл Нұркина, ҚР мәжіліс депутаты:

Бүгінде Конституцияға енгізілейін деп жатқан нормалар бір-бірімен өзара байланысты. Осыны түсіну қажет. Еліміздің жарқын болашағы үшін сіз бен біздің дауысымыз аса маңызды.

«Ата-заңға енгізілетін өзгерістер Жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындап береді. Бұл мақсатқа жету үшін биліктің халық үніне құлақ асып, ел пікірін ескеруі қоғам сенімін күшейтеді», - дейді тұрғындар.

Солдай-ақ, республикалық штаб мүшелері педагогикалық ұжыммен кездесті. Облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Әйткенов мәслихаттардың жұмысы бойынша Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы айтып берді.

Ернұр Әйткенов, Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы:

Біз Павлодар облысындағы барлық ауыл-аймақты қамтуды жоспарлап отырмыз. Еліміздің әр азаматына референдумның маңыздылығын жеткізуіміз керек. Себебі, олар барлығын ой сүзгісінен өткізіп, 5 мамыр күні өтетін референдумда өз дауысын беруі тиіс.

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...