ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Референдум маңыздылығы

22:53, 17 мамыр 2022

Екібастұз қаласының ірі кәсіпорын қызметкерлері референдумды қолдайды. Кездесу барысында мәжіліс депутаттары еліміздің басты құжатына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы айтты.

Мемлекет басшысы халыққа жолдауында Президенттің артық өкілеттіліктерін алып тастап, әкімдер мен мәслихат шешім қабылдау кезінде қолмен басқару практикасынан кету қажеттілігі туралы айтты. Мәжіліс депутаты Анатолий Бойчин Парламент рөлінің өзгеруі болжанып отырғанын да атап өтті.

Вера Ким адам құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты түзетулер енгізілетінін жеткізді. Конституциялық түзету өлім жазасын түбегейлі жояды.

Сәкен Тұрғынбек, кәсіпорын қызметкері:

Біз мемлекет басшысының бастамаларын қолдаймыз. Себебі бұл Жаңа Қазақстанды құрудағы басты шешімдер. Бұл еліміздің дамуына әсер етеді. Референдумға біздің ұжым міндетті түрде барады деп ойлаймын.

Республикалық штаб мүшелері Екібастұз жастарымен де кездесті. Айгүл Нұркина жас буынға референдумның маңыздылығын түсіндірді. Ата заңға енгізілетін өзгерістер Жаңа Қазақстандағы жастардың болашағы үшін жасалып жатқан дүниелер екенін айтып, жастарға ел тағдырына бей-жай қарамай, етене араласуға шақырды. Айта кетейік, республикалық штабтың түсіндіру жұмыстары Павлодар облысының барлық аудандарын қамтиды деп жоспарлануда.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар