ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Референдум - ірі саяси-қоғамдық бетбұрыс

20:21, 16 мамыр 2022

Референдум - ірі саяси-қоғамдық бетбұрыс. Басты құжатқа түзетулер мен өзгерістер енгізіледі. Ел болашағы үшін әр азаматтың таңдау жасауға мүмкіндігі бар. Республикалық қоғамдық штабөкілдері Алюминий зауытының жұмысшыларымен кездесті.

56 түзету. Бір сұрақ және екі жауап-қолдаймын  немесе қарсымын! Конституцияға енгізілетін өзгерістер суперпрезиденттік басқару нысанының қалыптасқан негіздерін түбегейлі өзгертуге тиіс. Референдумда – ең бастысы халықтың дауысы.

Серік Ільясов,  референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының мүшесі:

Мемлекет басшысы тыңдаушы мемлекет тұжырымдамасын дамыта бастады. Конституцияға енгізілетін өзгерістердің нәтижесінде, шын мәнінде, жай ғана тыңдаушы мемлекеттен басқа, диалог мемлекеті пайда болады. Яғни, адамдар саяси шешімдер қабылдау процесіне белсенді түрде ат салысады....То есть, люди будут активно вовлекаться и принимать участие в процессе принятия политических решений.

Референдум - бұл жаңа Қазақстан.  Қоғамдық штаб жұмысының басты мақсаты - ел болашағында  қандай оң өзгерістер мен түзетулер болатыны жайында халықты хабардар ету.

Евгений Сизов, «Аллюмий Қазақстан» АҚ қызметкері:

Менің ойымша, Президенттің бұл бастамасын барша халық қолдайды. Біз кәсіпорын қызметкерлері да құптаймыз. Мемлекет халықтың үнін тыңдай бастады. Барлық өзгерістер біздің ел үшін жағымды жаңалық әкеледі деп сенемін.

Еліміздің басты құжатына енгізілетін түзетулерді қолдайсыз ба, әлде қарсы пікір білдіресіз бе, бұл сіздің таңдауыңыз. Бірақ референдумға қатысып таңдау жасау, бұл ел алдында тұрған әрбір азаматтың  парызы.

 

Әйгерім Тоқпанқызы, Раиса Моргунова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар