ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Референдум - ел ертеңін айқындайды

12:17, 7 мамыр 2022

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыхалықтық референдум жариялап, дауыс беру күнін де белгіледі. Енді ел тұрғындары маңызды шараны дауысқа салады. Референдум ел блашағын айқындайтын маңызды шара екендігі белгілі. Әрі Жаңа Қазақстан құру жолындағы негізгі қадамдардың бірі.

5-маусым Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі болмақ. Қазақстан халқы Ата заңның өзгерісін дауысқа салады. Бұл қадам еліміздің болашағы үшін қаншалықты маңызды? Референдум ел болашағына не береді? Павлодарлық зиялы қауым өкілдері мен сарапшылар осы мәселе төңірегінде пікірі алмасу үшін бас қосты.

Амантай Құдабаев, философия ғылымдарының кандидаты, профессор:

Өркениеттің дамуы кезінде әрқашанда бір жаңалықтар болып тыруы керек. Әрбір мемелкет болсы, жеке адам болсын соған бейімделуі керек. Сондағы айтылатын сұрақтарға жауап беретін қауқарда болуы керек. Сондықтан, біздің болып жатқан референдумымыз өзгерістерді алдын-ала сезуден болған қадам. Өте қажетті дүние. Халық әрқашан сезімтал болып келеді.

Референдумға сәйкес, Конституцияның көптеген баптарын өзгертілу ұсынылуда. Негізгі бағыт суперпрезиденттік жүйеден бас тартып, Парламент пен жергілікті мәслихаттың құзіретін арттыру. Осылайша адам құқытары мен бостандықтарына негізделген қоғам құру. Сондай-ақ, сайлау жүйесіне де өзгерістер енбек.

Әсел Аманова, ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топ төрайымы:

Қазақстан халқы ассамблеясы жайлы айтып кетсем бұрында 9 дептутат Мәжіліске отырған. Енді ол Сенатқа ауысты. Онда тағайындалмайды ұсынылады.

Жиында қазақ тілінің мәселесі де қоғалды. Өзге тілдердің дамуын шектемей, мемелкеттік тілдің әлеуетін одан әрмен арттыру, жалпыхалықтық қолднаысқа енгізу мәселесі сөз болды.

Айман Зейнулина, филология ғылымдарының кандидаты, профессор:

Бір мың тоғыз жүз сексен тоғызыншы жылы біздің республикамызда бар-жоғы 12 процен қазақ мектебі болса, қазіргі уақытта 71 процентке жетіп отырмыз. Енді алдағы уақытта 100 процентке жеткізу көзделіп отыр. Оған жету үшін, әрине, мемелкеттік тілді оқыту процессін, мемелкеттік тілді білу қажеттілігінің рольін арттыру керек.

Жиынға келген ғалымдар мен сарапшылар, қоғамдық ұйым өкілдері өзгеде тақырыптарда баяндама жасап, ой пікірлерін ортаға салды.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар