ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Психологтың айтары бар

20:46, 16 шілде 2021

Қоғамда болып жатқан кез келген мәселені психологиялық тұрғыдан қарастырған жөнді. Осы ретте екпе салу, салмау төңірегінде де психолог мамандардың айтары бар. Вакцинаға қарсы антиваксерлер қайдан шығады, олар қандай ақпаратқа сенеді?

Әлеуметтік желінің дамыған заманында ақпараттың шынайылығын дәлелдеу қиын. Желіні қолданған адамдар сүзгіден өтпеген ақпарттың бәрін қабылдауға әзір. Мәселен, вакцинация төңірегінде де сөз қозғалып отыр. Салдарынан қоғамда екпені қолдағандар мен антиваксерлер ұғымы пайда болды.  Осы ретте психологтар ол адамдар ақпаратты әртүрлі қабылдайды деп түсіндірді.  

Әлихан Қайыржан, №2 қалалық емхананың психологы:

Кейбір адамдар ақпаратты эмоцианалды қабылдайды. Оған ақпаратты қабылдаған кезде ойларын жеткізмезі. Кей адамдар рационалды қабылдауы мүмкін. Біз оларды цифрлармен сендіруге тырысамыз. Айыптамау және оларға қарсы шықпай, Олардың ойларын теріске шығарып. Дауласу керек емес. дауласу арқылы олардың сенімсіздігі, қорқынышы арта түседі.

Көбінесе психологтарға ковидпен ауырып шыққан тұрғындар жүгінеді. Олар депрессияға ұшырап, созылмалы аурулары асқынғанда келеді. Жалпы мамандардың сөзінше, олардың кабинетіне дені сау адамдар келмейді екен, олар ғаламтордан ақпарат алумен шектеледі.

Әлихан Қайыржан, №2 қалалық емхананың психологы:

Коронавирусқа сенбейтін адамдар ауруханға келмейді. Олар өз вакумында болады. Медиицналық ұйымдарға сенбеуі мүмкін. Ол дәрігерлер сенбейді. Ондай адамдардың ойын телевидение, интернет арқылы ойын өзгерту керек.

Екпеге қатысты келгенде,  жаппай вакцинациялану деген ақпаратқа  адамдар бірден жауап білдіре бастады. Бұл адамның қорғану, протесттік реакциясы. Психологтар болса осы жағдайда адамдарға ойлануға, ақ пен қарасын анықтап, таразыға салуға  уақыт беру керек деп кеңес береді.

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...