ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау басталды

10:17, 15 қыркүйек 2021

1-ші Қыркүйектен бастап президенттік жастар кадр резервіне құжаттарды қабылдау басталды. Биыл резервке ел бойынша 50 адам ғана қабылданады. Іріктеу кезеңінің талаптары да өзгертілді?

2019 жылы елімізде президенттік жастар кадрлық резевіне бірінші қабылдау басталған еді. Алғашқы резервте 300 адам 5 жылға алынады. 1 қыркүйектен бастап екінші қабылдау басталды.

Гүлнар Исенова, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының филиал басшысы:

Егер біз осыған дейін жастарды мемлекеттік қызметке квазимемлекеттік секторға қабылдасақ, енді тек мемлекеттік қызметке қабылдайтын болады. Осыған дейін 300 адам алсақ, енді 50 адам ғана алатын боламыз. Яғни алғашқы резервті толықтыру мақсатында.

Президенттік кадр резевінде 3 жылға қабылданады. Онда осы уақыт бойы түрлі вакансиялар ұсынылып отырады. В корпусына конкурсыз қатысуға мүмкіндік болмақ. Айта кетейік, президенттік кадрлық резервке өтудің талаптары биыл сәл өзгертілді. Енді аталмыш конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде мемлекеттік тілді білу керек және еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Сағыныш Нұркимбаев, кәсіпкерлік басқармасы басшысының м.а:

Бұл міндетті түрде мемлекеттік тілді білу. Қазтест қосылды. Осыған дейін эссе болған, биыл жағдайлық тапсырмалар болады. Талаптар бұрынғыша қалды. Жасы 35 жасқа дейін, еңбек өтілі.

Сонымен қатар, осыған дейін ұсыныс хаттары қажет болатын. Бұл өтініш берушілерге қиындық туғызды. Енді ол керек емес, кез келген тұрғын келіп еш қиындықсыз резервке өтуге құжат тапсырып, бағы жанса, тіпті қабыланатын болады.    

Дәурен Әбдірахманов, ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы:

Бүгінгі кездесуде осы іріктеу кезеңіне қалай дайындалу керек?Үздіктер қатарынан көріну үшін қандай қандай қасиеттер негізге алынады? Деген сұрақтарға жауап беріледі. Бұл жастарға әлеуметтік баспалдақ десек болады.

Үздік елулікке жасы 35 ке дейінгі кез келген қазақстандықтың енуге мүмкіндігі бар. Бастысы ел үшін еңбек етуден аянбаса болды. Айта кетейік, құжаттар қыркүйектің аяғына дейін қабылданады. Кейін тестілеу болып, желтоқсанда шешім шығарылады. Ұлттық комиссия отырысында нәтижесі белгілі болады. 

 

Самал Қалиқызы, Раиса Моргунова

Тақырып бойынша материалдар

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
02:04, 17 қыркүйек 2021
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының әлеуеті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...