ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

ППУ ғалымдары референдум маңыздылығын айтты

21:44, 3 маусым 2022

Ертіс телеарнасында павлодар педагогикалық университетінің ғалымдары референдум тақырыбын талқылап, ой пікірлерімен бөлісті. Олар саяс науқанның ерекшелігіне тоқталып, енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тілге тиек етті.

Референдум елді елең еткізбей қоймайды. Себебі бұл – араға ширек ғасыр салып қайтадан өткізілейін деп отырған ірі саяси науқан. ППУ ғалымдары өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін 33 баптың бірнешеуіне тоқталып, өз ойларын ортаға салды. Мәселен, бұл саяси реформаның халыққа берері мол,-дейді спикерлер.

Болат Құдайбергенұлы, ППУ проректорының м.а.:

Жалпы «референдум неге қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Референдум деген сөздің мән мағынасына келетін болсақ, үлкен мемлекеттік маңызды мәселелерге жалпы халықтың қатысу болып табылады. Сондықтан бұл еліміздегі үлкен қоғамдық-саяси болсын, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамудың барысы бұл еліміздегі қабылданған заң актілеріне сүйенеді. Ал, осы заң актілерінің негізгі басты қағидасы  негізгісі біздің Конституциямыз, Ата Заңымыз.

Негізінде Ата заңдағы конституциялық реформа ойдан шығарылған дүние емес. Бұл қоғам мен халықтың сұранысы, назарға алынған тұрғындардың талап-тілегі мен арман-мақсатының орындалуына бастайтын жаңа баспалдық. Сондықтан елдің ертеңін ойлаған әр азамат республикалық науқанға қатысуы керек,-дейді тарих ғылымдарының кандидаты Анар Кәрімова.

Анар Кәрімова, тарих ғылымдарының кандидаты:

Бұл шешімді осы қадамды бастаудың өзі бүгінгі жаһанданған әлемде оңай емес. Себебі, әрбір өзгеріс – ол салиқалы тұрғыда қабылданғаны жөн. Мысалы салиқалы қадамдардың бірі ол мына Конституцины 43-бабына өзгерістер енгізу.  Әсіресе, Президент басқа бір саяси партияларда мүше болмауы. Және де Президенттің туыстары квазимемлекеттік холдингтарда немесе тағыда бір жоғары лауазымдарда қызмет жасамауы.

Ертіс телеарнасының базасында ұйымдастырылған баспасөз маслихатында референдумның маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жер мәселесі де әңгімеге арқау болды.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар