ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды

19:38, 24 қаңтар 2022

Бүгінде бейнекамералар тек көшелер мен қоғамдық орындарға қойылмайды. Әр түрлі мемлЕкеттік және старатегиялық нысандардың іші мен сыртын, бейнебақылаумен қамту жұмыстары тыңғылықты жүруде. Мәселен, Павлодар облысының полиция нысандары 100 пайыз бейнекамерлармен қамтылған.

Осыдан бір жыл бұрын мемлекет басшысы ішкі істер министрлігіне, қызметтік үй-жайларды, сонымен қатар, полицияның барлық жедел-тергеу бөлімшелерін жаппай бейнебақылаумен қамтуды тапсырған еді. Бүгінгі таңда полицияның барлық әкімшілік ғимараттары, уақытша ұстау изолияторлары, өзге де кабинеттері толықтай бейнебақылаумен қамтылды.

Жанасыл Серікбол, тілші:

Бүгінде азаматтар тарапынан полицияның жұмысына қатысты түсетін шағымдар да бар. Олардың айтуынша, әр түрлі жағдайлар да түрлі заң бұзыушылықтар орын алады, күш қолданулар болады. Ал, полицияч қызметкерлері барлығы дәл осылай бақлыауда болғандықтан бұл мүмкін емес деп отыр. Барлық видеолар полиция департаментімен қатар, ішкі істер министрлігінде де сақталады.

Полицияның құқықбұзушылық әрекетін осындағы жазбалар арқылы анықтауға болады. Осылайша, лайықты жаза да қарастырылған. Ал, бейне жазбалардың барлығы бірыңғай орталыққа жинақталып, сақталады.

Құралай Мугадилова, жедел басқару орталығының аға инспектор кезекшісі:

Қазақстан республикасы ішкі істер министрлігінің барлық қызметтік үй-жайларында кезекші бөлімдерде, тергеу және жедел бөлімшелерде арнайы мекемелерде және Павлодар обылсы полиция департаментінің уақытша ұстау изолияторларында жазбаларды сақтаудың бірыңғай сервері мен бейнебақылау камералары орнатылып, тәулік бойы жұмыс істейді.

Бейне бақылаулар алыс – аймақтардағы полициялық бөлімшелерін де қамтиды. Осылайша, полиция тарапынан болатын заңсыз әрекеттерді мүлдем болдырмау жолындағы қадамдар толыққанды атқарылуда дейді мамандар.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
20:37, 20 мамыр 2022
Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...