ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Полиция қызметінің жаңа тәсілі

22:35, 13 мамыр 2022

Тәртіп сақшыларының жалақысы артып, жұмысы жеңілдейді. Полицейлер қағазбастылықтан арылып, халықпен тығыз жұмыс істеуі тиіс. Ішкі істер министрі БАҚ өкілдерімен кездесуінде осылай деді. Сондай-ақ, жиын барысында қызметке жүрген сақшылардың өз-өзіне қол жұмсау фактілері туралы да айтылды.

Ауылдық жерлерде учаскелік полиция қызметкерлері жетіспейді. Салдарынан кейбір 3-4 елдімекенге бір қызметкер жауапты. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов әр сақшыға жүктелетін міндеттің 2-3 есеге көп екенін айтады.

Марат Ахметжанов, ҚР ішкі істер министрі:

Жанағы дұрыс айтып жатсыз, төменгі жалақы. Сосын: жұмыс кестесі. Күні-түні бойы жұмыста ғой. Сондықтан осы мәселелер бар. Керек емес қағаз жұмыстарынан босатып, халықпен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызу. Өкінішке қарай,бұл дұрыс қойып жатқан сұрақтарыңыз.     

Полиция қызметкерлінің өз-өзіне қол жұмсау фактілері де көбейіп кетті. Өткен жылы Павлодар облысында бір жылдың ішінде бірнеше қайғылы жағдай тіркелген.

Марат Ахметжанов, ҚР ішкі істер министрі:

Біздің қызметке қабылдаған кезде моралдік-психологиялық тұрғыдан тексеріміз. Бүгінгі таңда оңай жұмыс емес. Суицид жасап жатқан тек полиция қызметкерлері емес. Бірақ фактілер бар. Тексеру жүргізілді. Комитет басшысының маған баяндауы бойынша, бұл тікелей қызметімен байланысты емес.

Баспасөз жиынында мемлекет қаржысын талан-таражға салған полиция департаментінің бұрынғы бастығы мен орынбасарының ісі де айтылды. Нұрлан Мәсімов іздестіріліп жатыр. Сонымен қатар, сот санкциясымен ұсталған кәсіпкерлер бар. Олар келісіп әрекет еткен. Бүгінде бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Марат Ахметжанов, ҚР ішкі істер министрі:

Енді мен сіздерге айтайын ол қылмыстық іс біздің өндірісте емес. Сондықтан мен оны толық былай айтуға құқым да шоқ шығар. Бірақ та мен ондай мәліметті дәлелдеймін. Қылмыстық іс қозғалды. Іздеу салынды. Санкциясы бар. Бюджеттің ақшасын жымқырды деген күдікпен.

Министр сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар байқалған жағдайда қол астындағыларды қатардан тазарту жүргізілетінін айтты. Бұдан бөлек, Марат Ахметжанов облыс орталығында бейнебақылау камераларының өте аз екендігіне тоқталды. Айтуынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі күшейту көзделген.  

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...