ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

18:22, 28 қаңтар 2022

Павлодар облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен өңірлік департаментті Василий Скляр басқаратын болды.

Василий Васильевич Скляр 1983 жылы дүниеге келген. 2006 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын, 2012 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын бітірді. Заңгер, құқық магистрі. Түрлі лауазымдарда, соның ішінде Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторы, қылмыстарды ашу жөніндегі жедел уәкіл, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2017 жылғы сәуірде Павлодар облысы Ақсу қаласының ІІБ басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Павлодар облысы ПД Екібастұз қаласының полиция басқармасын басқарды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
20:19, 23 мамыр 2022
Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
Толығырақ...