ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Полицейлер донор болды

08:41, 17 қараша 2021

Қан орталығында 40 полицей қан тапсырып, донор болды. Бұл «Игі істер марафоны» акциясы аясында ұйымдастырылды. Жалпы жыл басынан бері қанша адам донор атанды. Қан тапсырудың маңыздылығы мен қажеттілігі қаншалықты? Келесі сюжетте.

Әлем бойынша әрбір үшінші адам өмірінде бір рет қан құрамдастарын құюға мұқтаж болады. Осы ретте қан орталықтарында тиісті мөлшерде түрлі топтағы қан мен қанның құрамдас бөліктерінің  болуы маңызды. Осы ретте «Игі істер марафоны» акциясы шеңберінде полиция департаментінің қызметкерлері қан тапсырды.

Ирина Темірғалиева,  ПД басқармасының бөлім бастығы:

Полиция департаментиінің 40-қа жуық қызметкері акцияға қатысып, қан тапсырды. Бұл игі істер марафоны акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл жылда өткізілетін шара.

Шараны полиция департаменті мен «Қызыл жарты ай» филиалы бірлесіп өткізді. «Қызыл жарты ай» насихаттау жұмыстарымен атсалысты.

Гүлнар Исақанова, «Қызыл жарты ай» ПОФ төрайымы:

Біз негізі 10 жылға жуық уақыт бойы қан орталығымен жұмыс жасаймыз. Көптеген іс шаралар өткізіп жатыр. Төтиеншеліктермен, әйелдермен қатар үнемі осындай іс шараларға қатысады.

Жыл басталғалы 10 мыңнан аса адам қан тапсырып,  донор болыпты. Дәрігерлер қан тапсыру процесінің қаншалықты маңызды екенін әлі түсіндіріп келеді. Науқастардың басым бөлігіне бірінші топтағы қан қажет екен.

Сара Сыздықова, облыстық қан орталығы директорының орынбасары:

Осы жылдың 11 айында 12 мың донор келіп бізге жүгінді. Олардың ішінде 2 мыңға жуығы түрлі себептермен донор бола алмады. Күн сайын мониторингіліп, қандай топтағы қан қажеттілік туындап отырғанын бәрін бақылауда ұстап отырамыз.

Айта кетейік, тұрақты донор болған адам жүрек қан тамырлары ауруларымен сирек ауырады, жарақат алғанда қан жоғалтуды жеңіл көтереді және 5 жылға ұзақ өмір сүреді.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
18:28, 28 қаңтар 2022
Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
Толығырақ...
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
18:26, 28 қаңтар 2022
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
Толығырақ...
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
18:24, 28 қаңтар 2022
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...