ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ПИК КҮШЕЙТІЛГЕН ТӘРТІПТЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

11:13, 6 мамыр 2020

Карантинге қарамастан Павлодар қаласының коммуналдық қызметтері жұмыстарын жалғастыруда. Керісінше төтенше жағдай кезінде жүктемелер өскен. Себебі, әдеттегі сенбілік тазалықтар өткізілмейді. Ал, тұрғын үй аумақтары тазалықты қажет етеді. Осындай жағдайда пәтери иелері кооперативі жұмысын жалғастыруда.

Облыс орталығының көшелері мен үй алаңқайларында тазалық сақталған. Пәтер иелері кооперативі қызметкерлері барлық жерді таза ұстауды басты назарға алған. Биыл тазалық жасайтын қызметкерлер мен аула тазалаушылардың алдында үлкен міндеттер тұр.

Нұр-Сәуле Байболатова, «Шаңырақ» қауымдастығының төрайымы:

Пәтер иелері кооперативі қиын жағдайда өз денсаулықтарына қарамай тынбай жұмыс жасауда. Біздің қызметкерлер, сантехниктер апатты жағдайларда қоңырау соққанда хабарласады. Сенбілік болған жоқ, бірақ аулалар таза.  Барлық аула тазалаушы қызметкерлер жұмыс істеп жатыр. Жылу беру маусымы аяқталғандықтан, жұмыс өте қызу.

Карантин енгізілгелі ПИК үй айналасына санитарлық дезинфекциялық жұмыстарды да жүргізеді. Оған жұмсалатын қаражат өз есептерінен. Подъездердің кіреберісін үнемі хлормен тазартып отырады. 

Галина Алина, «Ремсервис-2007» мекемесінің директоры:

Қиын уақытқа қарамастан, біз күн сайын жұмыс үстіндеміз және жұмысымызға қатысты барлық шағымдарды барынша орындауға тырысамыз.  

Татьяна Лебедева, қала тұрғыны:

Біздің ПИК подеъездерді, үйдің аулаларын өз уақытында тазалап отырады. Барлық ағаш түптерін әкпен бояды. Аулаға келген кезде, немесе терезедн қарасаңыз үйдің ауласы таза. ПИКке мәселемен хабарлассақ дер кезінде, сапалы түрде жұмыс жасайды.

ПИК қызметкерлері Павлодар тұрғындарын карантин кезінде қауіпсіздік, тазалық шараларын сақтауды, тазаланған аймақты ұқыпты қарауды және басқалардың еңбегін бағалауды сұрайды.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ,  Галина ТРОЩЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...