ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАРДА ҚАЙДАРОВ ҚАЖЫКЕН ҚАБЫШҰЛЫНЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

11:44, 19 ақпан 2019

Павлодар қаласында зиялы қауым өкілдері мен жастар арасында шахматтан облыстық турнир өтті. Жарыс Инновациялық Еуразиялық Университетінің алғашқы ректоры, «Ауыл» партиясының алғашқы басшысы Қайдаров Қажыкен Қабышұлының 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Ұстаз, әрі көптеген ғылыми еңбектердің авторы Қайдаров Қажыкен Қабышұлы Ертіс Баян  тұрғындарына көптеген игі істерімен таныс. Оны халық Павлодардағы жоғары мектептердің бірін қалыптастырушы, «Ауыл» саяси партиясының негізін қалаушы ретінде де таниды. Сондықтан бірегей тұлғаның 80 жылдық мерейтойы әлеуметтің назарынан тыс қалмады. Қажыкен Қабышұлының туған күнін атап өту үшін Павлодар өңірінде шахматтан турнир ұйымдастырылды. Оған саяси партиялардың өкілдері, мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен жастар қатысты.

Бекен Сағындықұлы – «АУЫЛ» ХДПП ПОФ төрағасының орынбасары

Бұл сайысты біз осы өңірдегі ғалым-ұстаз, үлкен азамат, Павлодар өңіріндегі жоғары мектепті қалыптастырушы Қайдаров Қажыкен Қабышұлына арнап отырмыз.

Ермат Байгұрманов - «АУЫЛ» ХДПП ПОФ төрағасы

Біздің бастамамызбен осындай жақсы іс-шара өтуде. 2000 жылдардың басында ол «Ауыл» саяси партиясының қалануына себепші болған еді. Ол осал тұлға емес. Малайсары Тархан батырдың тікелей ұрпағы.

Шахмат турнирінен кейін партия мүшелері мен журналисттердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онда Қайдаров Қажыкен Қабышұлының өмірбаяны баяндалды.

Гүлден ТӨЛЕГЕН

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...