ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАРДА «J-MARKET» АШЫЛДЫ

11:51, 5 мамыр 2021

Сарыарқа ықшам ауданында ел игілігі үшін әлеуметтік «J-MARKET» ашылды. Енді тұрғындар күнделікті заттарды тиімді бағада сатып алуға мүмкіндіктері бар. Заманауи супермаркетте ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтан төмен бағада ұсынылады.

Жаңа ықшам ауданда ашылған шағын маркетте тек азық-түлік ғана емес, тұрмысқа қажетті барлық заттар сатылады. Өнім бағасы базарлар мен дүкендерге қарағанда әлдеқайда арзан.

Жәнібек Байкин, «J-MARKET» директоры:

Біз негізінен азық-түлік өнімдерінің өндірушілерімен сатуды мақсат етіп отырмыз. Екіншіден, баға саясатына мән береміз. Яғни, тауарлар қолжетімді бағада сатылады. Жаңа шағын ауданда алғашқы ашылған дүкенімізде тұтынушыларға барлық қолайлы жағдай жасалады. Алдымен тауарлардың сапасы мен бағасын қадағалаймыз.

Шағын маркеттің ашылуы жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Бұл жерде 20-ға жуық кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп отыр. Тіпті, олар ауыл шаруашылығы өнімдерін еш делдалсыз тұтынушыға ұсынады.

Майя Бакриденова, кәсіпкер:

Қымыз, талқан, қоспа, қаймақ, ірімшік, яғни барлық сүт өнімдері бар.  Бағалары өте қолжетімді. Әр адамның қалтасы көтереді. Мысалы, қымыздың бір литрі - 900 тг, крафт ірімшігінің құны 2 мың теңгеден басталады. Талқанның бір келісі - 1500 тг, қаймақ - 1800 тг, сүзбе - 600 тг, сүттің бағасы литріне 200 тг. Келіңіздер.

Енді Сарыарқа ықшам ауданының тұрғындары азық-түлікке бөлінетін қаржыны үнемдеп қана қоймай, қала орталығының дүкендеріне барып, уақыт жұмсамайды. Барлығы да қолжетімді, әрі арзан бағада.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 392 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
21:25, 13 мамыр 2021
БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 392 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...