ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАР ӨНЕРПАЗДАРЫ ОМБЫ ҚАЗАҚТАРЫМЕН ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСТІ

18:26, 4 наурыз 2021

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы мен Омбы қазақтарының дәстүрлі әншілері онлайн жүздесіп сұхбаттасты. Шара көршілес екі ел арасындағы шекара маңы ынтымақтастығы шеңберінде өтті. Дәстүрлі ән төңірегінде ой бөліскен қандастар алдағы уақытта тәжірибе алмасуға уағдаласты.

Атамекенінен сыртта жүрген қандастарымыздың ұлттық өнерден алыстап кетпеуіне, елмен байланысын үзбеуіне үлес қосуды мақсат еткен жүздесуге Ертіс-Баян өңірінің мәдениет майталмандары мен Омбыдағы  қазақ диаспорасының өнерпаздары қатысты. Руханият мәселелері сөз болған жиында мәдени қарым-қатынасты дамытудың  жолдары талқыланып, ұсыныстар айтылды.  

Ербол Айтбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

Қазақтың балаларына халық әндерін үйрету, халық композиторларын үйрету сияқты мәселелерді жолға қою керек. Екі әнші барса мысалы, екі класта күніне бір 3-4 баладан дайындалып отырса, соларға Еркем-айдан бастап халық әні Естайдың Құсни  Қордан сияқты біржан салдың әндері бар, Жаяу мұсаның әндері бар, Майра апамыздың әндері бар соны бәрін үйретіп сіңірсе, сол үлкен жұмыстар болатын еді.

Бауырға тартып, қандастармен байланысты үзбеу мақсатында жасаған павлодарлықтардың қадамына Омбы қазақтарының бірлестігі ризашылық білдірді. Биылғы  наурыз мейрамын бірлесе тойлауды ұсынды.

Қуаныш Елеутаев, «Омбы қазақтары» өңірлік қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Бізде қазір залдарды 75 пайызға дейін толтыруға рұқсат етілген, ал наурыз мейрамына қарай залға көрерменді 100 пайыз жинауға болуы мүмкін. Егер солай болса алғашқы жүздесуді сол кезде өткізсек. Иса Байзақов филармониясының гастролін қазірдің өзінде осылай ұйымдастыруға болар еді.  

Омбылық қандастарымыз биыл тәуелсіздіктің 30 жылдығын, Әлихан Бөкейхановтың 155, Қажымұқан Мұңайтпасовтың 175 жылдық мерейтойларын атап өтуді жоспарлап отыр.  Павлодарлықтар шақырса  шараларға ат салысуға дайын екендікдерін білдірді.

 

Гүлсара Мәлікова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...