ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Павлодар-Нұр-Сұлтан тас жолы 23 қарашадан ақылы болады

08:39, 17 қараша 2021

23 қарашадан бастап Павлодар-Нұр-Сұлтан тас жолы ақылы болады. Бастапқыда 1 қарашадан жүйе енгізіледі дегенмен, әзірге кейбір құжаттар әзірленуде. Қазавтожолдықтар аталмыш бағыттағы жол жаңа ақылы жүйеге дайын деп сендірді. Тілшіміз айтсын.

Осыған дейін 1 қарашадан бастап, Павлодар-Нұр-Сұлтан тас жолы ақылы болады деп айтқан едік. Енді міне тиісті құжаттардың дайындалуына байланысты бұл уақыт 23 –іне шегерілді.

Ержан Кисиков, «Қазавтожол» АҚ ПОФ директорының орынбасары:

Ақылы жолға ауысу мерзімі сәл шегерілді, 23 қарашаға ауысты. Қазір процедуралық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Еліміз бойынша 7 жолдың ақылы болатынын туралы бұйрық шықты, жарияланды. Құжаттарды рәсімдеу 10 күнге дейін созылады. 23 қарашада ақылы жол ашылады.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар–Нұрсұлтан бағытына жүрген жеңіл көлік 375-380 теңге, ал  жүк көліктері болса 500-9000 мың теңге аралығында төлейді. Жол ақысын санайтын есептеу аркалары орнатылған. Олар Ленин кенті, Қалқаман және Екібастұз жанында қойылыпты. Сонымен қатар, алғашқы қар жауып, әлеуметтік желіде аталмыш бағыттағы жолдың сапасына қатысты сұрақтар көбейіп кетті. Бұған қазаавтожолдықтар былай дейді.

Ержан Кисиков, «Қазавтожол» АҚ ПОФ директорының орынбасары:

Аталмыш бағыттағы жол дайын. Жол қыс уақытында тазаланады, патрульдеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта қанша қар жауса да, жол бойы таза.

Павлодар облысы бойынша бұл бірінші ақылы жол. Айта кетейік жолдан түскен қаражаттың барлығы осы аумақы күтіп, жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалады. Жалпы елімізде 23 қарашадан 7 жол ақылы болады деп жоспарлануда.

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
20:38, 2 желтоқсан 2021
«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...