ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Павлодар іргесіндегі ауылда құс тұмауы тіркелді

10:20, 20 қазан 2021

Облыс орталығына қарасты Павлодарское ауылында құс тұмауы тіркелді. Онда қаз, үйрек қырылған. Осылайша бір аптаның ішінде қорада құс қалмады. Ал, оны азық қылып, бала-шағаны асырап отырған тұрғындар өлген құсқа берілетін өтемақы небәрі 5 мың теңге деп налиды.

Ауыл тұрғыны Зульфия Тамамбаеваның ауласында 28 күркетауық, 20 қаз, 21 тауық және 19 шөже бар болатын. Одан қалғаны 5 шақты қазбенен 10 балапан ғана. Басқасынын барлығы да қырылып қалды.

Зульфия Тамамбаева, Павлодарское ауылының тұрғыны:

Биыл қаздың балапанын 2300 теңгеден сатып алдық. Ол өскенше қанша шығын кетеді? Үй құстарын сатуға емес, өзімізге азық ретінде ұстап отырған едік. Бес-алты күнде бәрінен айрылдым.

Болжам бойынша инфекция көзі - жабайы құстар. Өткен аптада Тереңкөл ауданына қарасты Березовка ауылында 250-ден аса үй құсы жойылған еді. Негізінен тауық пен қаз қырылған. Ал, шығынға батқан шаруаларға сала мамандары нарықтағы бағамен өтемақы төленеді дейді.

Ғалым Бейсенов, ветеринария басқармасы бөлім басшысының м.а.:

Павлодарское ауылында 64 бас қырылды. 20 бас жойылды. Сол күні карантин енгізілді сол аулаға. Содан кейін аулада дизенфекция жұмыстары атқарылды. 15 қарашадан кейін өтемақы төленеді.

Былтыр дәл осы кезде аймақта вирус өршіп, 31 мыңнан астам құс жойылған болатын. Құс иелеріне өтемақы төлеу үшін мемлекеттен 83 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, 500 мыңнан аса құсқа тұмауға қарсы екпе салынған.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...