ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Партиялық көмек

22:45, 26 қыркүйек 2021

«Nur Otan» партиясының депутаттары қала тұрғынына көмек қолын созды. Бірінші топтағы мүгедек Берік Әлжанов әкімдікке протез алып беру туралы өтінген еді. Оның нарықтағы бағасы 2 млн теңгені құрайды. Мемлекеттік тапсырыс арқылы жасалмайды.

15 маусымда 1 топтағы мүгедек Берік Әлжанов Павлодар облысы әкімдігіне көмек сұрап жазбаша хат жіберген. Оның екі аяғына протез қажет.

Берік Әлжанов,   қала тұрғыны:

Бір аптадан кейін бізде онлайн конференция өтті. Онда Нұр Отан  партиясы, әлеуметтік қорғау және облыс әкімдігінің өкілдері қатысты. Мен маған протез сұрап өтініш қалдырған едім, себебі мемлекеттен бөлінетін қаражат жетпейді. 

«Nur Otan» партиясы өтінішті өз бақылауына алды. Жаңа протездер фракция депутаттарының бірлескен күшімен алынды. 

Илья Теренченко, «Nur Otan» партиясы ПОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Біз бейімдеу процесінің тез өтетініне сенеміз. Мамандар екі аптадай уақыт деп отыр.

Берік Әлжановқа бірнеше қаладағы ортопедиялық клиника ұсынылды. Ол Павлодардағы медициналық мекемені таңдады.

Берік Әлжанов, қала тұрғыны:

Павлодар облысы әкіміне алғыс айтқым келеді. Бар жоғы 2 айдың ішінде маған протез алып берді. Барлық атсалысқан адамдарға да алғысым шексіз.

Берік Алжанов спортшы, 2015  жылдан бастап жүзумен айналысады. Қазір  Нұр-Сұлтан қаласында өтетін спартакиадаға дайындалып жатыр. 

 

Құдайберген Бердімұрат, Кристина Касперович

Тақырып бойынша материалдар

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
22:58, 21 қазан 2021
«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...