ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Панфиловшылар ерлігіне 80 жыл

08:53, 17 қараша 2021

Осыдан 80 жыл бұрын Мәскеу түбінде 28 панфиловшы ешкім де, ешқашан да ұмытпайтын ерлік жасады. Олар 316 атқыштар дивизиясының құрамына кірді, оларды генерал майор Иван Панфилов басқарды.

Бауыржан Момышұлы Көзі тірісінде аты, аңызға айналған Панфиловшы, Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысқан, өз ерлігімен көзге түскен. 1941 жыл Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы облысы Талғар қаласында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды. Мәскеу үшін шайқаста панфиловшы атқыштар полкі мен аға лейтенант Бауыржан Момышұлының басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті. Жауынгерлер батырлықтың, достықтың, тәртіптіктің, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, өздерінен күшті төрт есе басым жаумен бір ай бойы күресіп, дұшпанды ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осылайша 316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі аты аңызға айналған ерліктері үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталады. Кеңес әскерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті.

316-шы атқыштар дивизиясының алғашқы құрамы Алматы қаласында құрылды, оның құрамына көбінесе Қазақ және Қырғыз кеңес социалистік республикаларының тұрғындары енді.

Әскери құрамның осыншалықты танымал болуы Мәскеудегі шайқастан кейін болды. 1941 жылдың 16 қарашасында Дубосеково разъезінде 4 сағат бойы 28 панфиловшы фашист әскерінің танкілері мен оғынан Мәскеуді құтқарып қалған. Сол кезде олар жауынгерлікпен 50 танкінің 18-ін жойған. Жасақтың басым бөлігі қаза тауып, ауыр жарақат алған. Осы шайқастан кейін жау Мәскеуге аяқ баспады. Осылайша ел 28 панфиловшының ерлігі туралы білді. Содан бері олар жауынгерлік пен ерліктің үлгісі боп қалды.   

 

Тақырып бойынша материалдар

Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
18:28, 28 қаңтар 2022
Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
Толығырақ...
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
18:26, 28 қаңтар 2022
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
Толығырақ...
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
18:24, 28 қаңтар 2022
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...