ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ПАЛЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ ПАВЛОДАР

11:55, 17 ақпан 2020

Ертіс-Баян өңірі ерекше жерде орналасқан. Кезінде Қазақстанның ең ұзын өзені Ертіс бойында әртүрлі дәуірдегі адамдар тұратын ауылдар болған. Бұған дәлел ретінде облысымызда табылған адамдар сүйегі мен жануарлардың қаңқалары, зергерлік бұйымдар, тұрмыстық заттарды айтуға болады. Бұл тарихи олжалар жылдар бойы біздің қаламыздың ерекше жерде орналасқанын дәлелдейді.

Павлодар қаласындағы қазба жұмыстары кезінде тас, қола, одан ерте темір дәуірлерінің, сондай-ақ ортағасырлық дәуірдегі заттар табылған. Шаһарымыздың ең танымал палеонтологиялық ескерткіші «Қаз қонақ», деп есептеледі. Бұл 5-10 миллион жыл бұрын өмір сүрген неогендік жануарлардың ең ірі қорымдарының бірі.

Георгий Пересветов, табиғат, палеонтология және археология ғылымдарын зерттеу бөлімінің меңгерушісі:

Бұл мұражайда ескерткіштер өте көп. Тіпті, анықталған жәдігерлердің басым көпшілігі осы аймақтан табылған. Павлодар қаласының өзінен табылғанына, осындай жерде тұрып жатқанымызға қуануымыз керек. Бұл деген керемет қой.

Сол кездегі жануарлар - қазіргі Африка саваннасындағы аңдардың үлгісі»,-дейді Георгий Пересветов. Бүгінгі таңда мұражайда ерекше сүйек қалдықтары сақталған. Гиппарионның қаңқасы, Хилатери мүйізтұмсығының сүйегі, Палиатрагус керігінің сүйектері, сонымен қатар гиенаның жақ сүйегін де осы жерден табасыз. Сондай-ақ, мұражайда Ертіс өңіріндегі қайта құру кезеңі кезіндегі жәдігерлерді қамтиды. Мысалы, «Махайрот» атты тісті мысықтың басы және Тур. Осы және өзге де табылған заттар Ертіс өзені бойында орналасқан қаламыздың жері ерекше екендігін дәлелдейді.

Аслан ЕРТІСБАЕВ, Ринат АБДУЛКАЮМОВ

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 3 сәуір 2020
ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...