ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Өзгерістер жолдауы

20:22, 16 наурыз 2022

«Суперпрезиденттік жүйеден бас тартамыз. Парламенті күшті, Үкіметі белсенді ел боламыз». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында осылай деді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы жұртшылық көптен бері айтып-талдап жүрген саяси өзгерістерге тоқталды. Мәселен, «Президенттің жақын туыстары үшін квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметке тұруына заң жүзінде тиым салынады». Бұл тіпті Конституцияға енгізіледі. Ал, Парламенттің құзіретін күшейту жолдары қандай? Сайлау жүйесіндегі өзгерістер қалай іске асады? Жанасыл Серікбол айтып берсін.

Барлық саяси күштер мен мемлекеттік құрылымдардың президент айналасына топтастырылуы ел дамуына кепіл бола алмайды. Бұны Тәуелсіздік жылдарындағы тарихымызда көзіміз жетті. Сондықтан, президент өз жолдауының әлқиссасын суперпрезденттік жүйеден арылу жолдарынан бастады. Ол үшін Парламенттің белсінділігін арттыратын іс-шараларды атқару керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Алдымызда Парламенттің рольін күшеуті міндеті тұр. Болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз.

Азаматтық қоғам орнауы үшін саяси бәсекелстік жағдайы орнауы керек. Сондықтан, алдағы уақытта жергілікті биліктің, мәслихаттың құзіреті артады. Парламент сайлауына өзгерістер енеді. Ендеше депутаттардың да міндеті артады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Өкілдік білік тармағын қайта құру. Біз президенттің өкілеттілігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рольін айтарлықтай арттыруымыз керек. Халықтың сенім мандатаына ие болған депуттарға жоғары жауапкершілік жүктеледі.

Параментте можаритарлы және пропарционалды сайлау жүйесі қатар қолданылады. Тиісінше депуттар саны қысрадаы. Бастысы барша азамттық қоғамға өкілдеріне өз құқықтарын пайдалу мүмкіндігі беріледі.

Еркебұлан Күнтуған, еріктілер фронт кеңсесінің жетекшісі:

Бүгінгі таңда Президентіміздің айтуы ел мүддесін қорғайтын кез-келген реформаларды мемелкеттік институттармен  арқылы ғана емес азамттық қоғаммен бірге ақылдаса отырып қабылдау. Бұл халықтың мүддесі мен мемелкеттік бағдарламалырдың байлансы деп ойлаймын.

Ел президентінің өзінің президенттік өкілеттілігі кезеңінде партияға мүшелігінен бас тарту керектігі де айтылды. Бұл облыс әкіміне де қатысты болмақ. Қысқаша айтқанда билік өкілінің өз партиясының мүддесін ғана қорғауына жол берілмейді.

Санира Жүсіпова, «Amanat» партиясы жастар қанатының төрайымы:

Әкімдер бізде төраға болмайды деп ұсыныстар келіп жатыр. Бұл модернизациялық бағытқа қазірден бастап кірісеміз. Жас депуттар корпусымен алдағы жоспарларды ақылдасамыз. Жаңа бағытта қандай жұмыстар істейтінімізді көреміз.

Қандай жағдай болса да бағытымыздан айнымайтындығымызды айтқан президент, ұлттық құрылтай құру мәселесін де көтерді. Жолдауда айтылған бастамаларды іске асыру үшін Конституцияға 30 дан астам өзгерту енгізу қажет.

Жанасыл Серікбол

 

Тақырып бойынша материалдар

Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
17:39, 8 тамыз 2022
Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...