ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Өзеннен улау жұмыстары басталады

20:57, 16 мамыр 2022

Шыбын шіркейдің дернәсілдерін әуеден өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Енді ғылыми топтың ұсынысы бойынша барьерлік улау жұмыстары басталады. Оған қандай көлемде препарат әзірленіп отыр, қанша аумақ қамтылады?

Шыбын шіркейдің дернәсілдерімен күрес қызу. Ғылыми топ 27 мың гектар аумақ арнайы препаратпен өңдеуге ұсыныс тастады. Улау жұмыстары әуе,  өзен, барьерлік үш кезеңнен тұрады. Әуеден өңдеу жұмыстары аяқталған соң, барьерлік улау басталды.  Бұған 2300 литр көлемінде химиялық препарат дайындалған.

Мақпал Лепесова, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстарын пайдалану басқармасының бөлім басшысы:

Бүгіннен бастап біз қанатты формадағы шыбын шіркейдегі қарсы барьерлік улау жұмиыстарын бастады. 13 мың кг, 1200 астам көлемді құрайды. Күнделікті жұмыстары баяндап хабарлап отырамыз.

Негізі облыс бойынша фенологиялық жұмыстар 9 сәуірден, ал авиаөңдеу 2 мамырдан басталды.

Мақпал Лепесова, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстарын пайдалану басқармасының бөлім басшысы:

Жалпы облыстық деңгейде бізде қаланың аумағында жайылма алаңдары өңделеді. Ең бірінші кезекте 23 мың гектарды улап шықтық. Ертіс өзені жайылған уақытта биологиялық препаратпен авиөңдеу жасадық. Химиялық деген болатынбыз. Көлемін қысқартуға бағытталған.

Өткен аптада ғылыми топтың ұсынысы бойынша мердігер ұйым  Усолка шағын ауданы мен Павлодарское ауылының жайылма аумағында авиөңдеу жүргізді. Бұл дернәсілдерді барынша жоюға септігін тигізеді.

Мақпал Лепесова, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстарын пайдалану басқармасының бөлім басшысы:

Біз қазіргі кезде дернәсілдерді максималды түрде жоюға тырысып, шіркейдің санын қысқартуға санын салып жатырмыз. шамамен 15-17 мамыр күндері жүргізіледі. Бұл шіркейге қарсы жұмыстар.

Ғылыми топтың өкілдері дернәсілдер былтырғыдай көлемде екенін айтты. Бірақ ерте басталған жұмыстар өз нәтижесін беретініне сеніп отыр. Айта кетейік,  биылға шыбын-шіркеймен күресуге 536 млн теңге қарастырылып отыр. Оған 70 мың келі биологиялық және 2300 литр химиялық препарат  сатып алынды.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар