ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

20:21, 8 сәуір 2021

Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалы жанынан құрылған экспедициялық топ 12 бағытта жұмыс істейді. Соның бірі - ашаршылық құрбандарының жерленген жерлерін тауып, зерттеуді мақсат етеді. Аталмыш делегация Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарына барып қайтқан еді. Бүгін Екібастұзға сапарға шықты. Дәл қазір тікелей эфирге елді мекеннен әріптесім Гүлсәра Мәлікова қосылды.

Гүлсара Мәлікова, тілші:

Қайырлы кеш, Зұлқарнай! Өткен ғасырдың нәубетті  жылдары ашаршылық пен саяси қуғын- сүргінде қаза тапқан құрбандар жерленген зираттарды тауып, тәу етіп, зерттеу мақсатындағы экспедициялық топ бүгін Екібастұз аймағына ат басын тіреді.

Құрамына ғалымдар мен өлкетанушылар, қоғам белсенділері енген сараптама тобы дәл қазір жазықсыз жапа шеккендердің зиратына келді. Аруақтарға құран бағыштады. Ғалымдар кеншілер қаласындағы көнекөз ақсақалдардан деректерден жинау жұмыстарын жүргізді. Репрессия құрбандарының мемориалына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Сондай-ақ, жергілікті өлкетанушылар, репрессия құрбандарының ұрпақтарымен жүздесу өткізді. Дәл қазір менің жанымда экспедициялық топтың төрайымы, тарих ғылымдарының докторы Сәуле Мамытова тұр. Сәуле Несенқызы бүгінгі сапардан қандай нәтижеге қол жеткізуді мақсат етесіздер?

Дәл қазір менің жанымда экспедициялық топтың төрайымы, тарих ғылымдарының докторы Сәуле Мамытова тұр. Сәуле Несенқызы бүгінгі сапардан қандай нәтижеге қол жеткізуді мақсат етесіздер?

Сәуле Мамытова, тарих ғылымдарының докторы, павлодар облысы қха ғылыми-сараптамалық тобының төрайымы:

 

Гүлсара Мәлікова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...