ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ӨТКЕН ЖЫЛЫ ӨРТТЕН 28 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

18:05, 20 қаңтар 2021

2020 жылы облыс аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 1 068 төтенше жағдай тіркелді. Онда 4 080 адам зардап шеккен. Салдарынан 83 адам қайтыс болды. Бұл туралы ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов мәлімдеді.

Өткен жылы «112» және «101» қызметіне 107 мыңнан астам хабарлама келіп түскен. Қоңыраулар санының артуы қысқы кезеңнің метеорологиялық ауа-райы жағдайларына байланысты болды,-дейді төтеншеліктер. Департаменттің және ведомстволық бөлімшелердің күшімен 4613 жағдайға жедел әрекет етілді.

Ернұр Өтегенов, ТЖД бастығы:

Оның ішінде 611 адам құтқарылды. 1192 адам эвакуацияланды. 240 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 102 жару жағдайының алды алынды. Соның ішінде 169 баллон өрт кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Сондай-ақ, 2020 жылы газ жабдығы бар автокөліктің жануының 21 жағдайы алдын алынды. Жедел құтқару жасағының қызметімен есіктерді ашуға 247 шығу жасады. Оның барысында 19 адам құтқарылып, медициналық қызметтерге берілді.

Сонымен қатар, 2020 жылы өңірде біршама өрт оқиғалары тіркелді. Естеріңізде болса, облыс орталығының өзінде бірнеше сауда үйі өртке оранған.

Ернұр Өтегенов, ТЖД бастығы:

2020 жылы 1014 өрт оқиғасы тіркелді. Бұрынғы уақытпен салыстырғанда 5 пайызға азайып отыр. Өртте 28 адам қаза тапты. 27 адам жарақат алды. 28 адамның 18-і ішімдік ішкен күйінде қайтыс болғандығы анықталды.

Бұдан бөлек, Ернұр Өтегеновтың сөзінше, өткен жылы өңірде суға кетіп ажал құшқандар саны азайған.

Ернұр Өтегенов, ТЖД бастығы:

Суға шомылу бойынша, карантин мен профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде суда қаза тапқан адамдардың саны екі есеге, оның ішінде балалардың саны үш есеге түсті.

Ал, аймақта су тасқынына қарсы шараларды жүзеге асыруға құтқарушылар жасақталды. Апат айтып келмейді. Сондықтан су басуы ықтимал елдімекендер төтенше жағдай департаментінің қатаң бақылауында. 

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ӨНЕРПАЗДАРЫ ОМБЫ ҚАЗАҚТАРЫМЕН ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСТІ
18:26, 4 наурыз 2021
ПАВЛОДАР ӨНЕРПАЗДАРЫ ОМБЫ ҚАЗАҚТАРЫМЕН ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...