ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ОТАН ҚОРҒАУ ЕРДІҢ ІСІ

11:41, 6 мамыр 2020

Елдегі төтенше жағдай кезінде сапта тұрған сарбаздардың міндеттері еселене түсті. Өйткені, олар да ақ халатты абзал жандармен қатар індетпен күресіп келеді. Осы ретте Семейден келген сарбаздарды ерекше атап өтуге болады. Биыл олар Отан қорғаушылар күнін Ертіс-Баян өңірінде қарсы алады.

Ернұр Төлеубаев - Шығыс Қазақстан облысындағы әскери бөлімшеде 15-жылдан астам уақыт қызмет атқарады. Өзі Абай ауданының тумасы. Бала кезден әскери киімге, қатал тәртіпке, сапта тұрып жаттығуларды орындауға ынтық болған. Өсе келе әскери адам боламын деген ниетін соғыс көрген атасы шыңдай түсіпті.

Ернұр Төлеубаев, Семейдегі әскери бөлімшенің қызметкері:

Менің әскерге келу себебім – Ғарифолла атамыз соғысқа қатысқан. Сол кісінің медельдарын көріп, соған ынта-жігерім артып, сондықтан осы әскери бөлімде қызмет жасап жүрмін. 15 жыл болды әскери бөлімде қызмет жасап жүргеніме.

Ернұр қазіргі уақытта бір қыз бен екі ұл тәрбиелеп отыр. Болашақта ізбасарларын да бұл салаға баулымақ ниетте.

Ернұр Төлеубаев, Семейдегі әскери бөлімшенің қызметкері:

Өзімнің екі ұлы бір қызым бар. Болашақта ұлдарымды үлкен оқуға түсіріп, генерал болса деп армандаймын. –Өздері қызыға ма, әскері мамандыққа? – Иә, қызығады әскери мамандыққа.

Қазіргі уақытта әскери міндеттілер ерікті ретінде қайта қатарға қосылып жатыр. Басты міндет, короновируспен күрес. Нақырақ айтсақ, блок бекеттерде кезекшілік етеді және дезинфекциялық жұмысқа жұмылдырылады. Сонымен қатар, сақтық шараларына да ат салысады. Семейден келген сарбаздар әріптестеріне төзім мен тәртіпке бағынуға шақырды.

Үсен Байтуов, дивизион командирі:

Ол жастарға айтарым, Б.Момышұлы атамыздың айтқан бір сөзі бар. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» - деп. Тәртіпке бағынса, біз сияқты олар да кезінде борыштарын өткерген. Кәзір шақырылып жатыр. Тәртіптерін бұлжытпай орындап, дұрыс атқарса, бәрі жақсы болады, -деп ойлаймын.

Тәуелсіз Қазақстанның қарулы күштері осыдан 28 жыл бұрын 1992 жылдың 7 мамырында құрылған болатын. Содан бері Қазақ Армиясы ел тыныштығын күзетіп келеді. Сайдың сақа тасында сайыпқыран сарбаздарды төл мерекелерімен құттықтаймыз.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...