ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

12:41, 7 мамыр 2022

Павлодар облысынан 35 жігіт Қонаев қаласына өзінің отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Әскерге шақырушыларды ата-анасы, туған-туыстары және Павлодар облыстық әскери бөлім қызметкерлері құттықтау сөз айтып , салтанатты түрде шығарып салды.

Әскери борышын атқару - әр азамат үшін мәртебе. Қуантарлығы, артылған жауапты жастарымыз жақсы түсінеді. Салтанатты шығарып салу шарасында алдымен әнұран шырқалды.  

Еліміздің қалқаны ол біздің қарулы күштеріміз. Құттықтау сөзге шықан шақырушылар әскери қызметтерін абыроймен өткізетіндерін айтты.

Дидар Дакилов, әскерге шақырушы:

Бүгінгі күні әскер қатарына қосылғалы тұрмын. Бұл менің бала кезімдегі арманым еді. Әскери борышымды адал өтеуге барынша тырысамын.

Ата-аналары балаларын уайымдан көз жастарына да ерік берді. Бірақ отан алдындағы борышын өтеу-әркімге парыз екендігін айтты. Ұлдарына жақсылық тілесіп, шығарып салды.

Жұлдыз Дакилова, Ақсу қаласының тұрғыны:

Өз міндетін атқаруға, Отанын қорғау үшін кетіп бара жатыр. Аман-есен барып келсін балаларымыз. Борышын орындап, үйге аман-есен оралсын.

Рүстем Әбди, Баянауыл ауылының тұрғыны:

Міндет. Ер азаматтың міндеті. Өзі қазақта үш міндет бар дейді ғой. Аман барып келсін. Қазақстан шүлдей берсін.

Әскерге шақырту мерзімі көктемде басталып, тамыз айының соңына дейін жалғасады. Отан алдындағы борышын өтеуге күні кеше Қонаев қаласына 35 жігіт аттанды.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар