ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ

18:06, 13 мамыр 2021

Жер бетіндегі мұсылмандар қауымы 30 күндік Рамазанды тәмамдап, қадір-қсиеті мол ораза айт мерекесіне қадам басты. Әдеттегідей, облыс орталығындағы жамағат Алланың үйіне жиналып, күнді Айт намазынан бастады.

Ораза айт мерекесі – отбасылық мейрам. Бұл күні жақын жандарыңа сыйлық жасау сауапты іс,-дейді имамдар. Жалпы биылғы ораза айт намазына жиналғандардың қарасы көп болды. Бірақ, айт намазының өткізілу тәртібі жылдағыға ұқсамайды. Жиналған жамағат орталық мешіттің ауласында сап түзеп, Құбылаға бет бұрды. Барлығы бас санитарлық дәрігердің талаптарына сай өтті.

Жолдас Қажы Қоспақұлы, ҚМБД Павлодар облысы бойынша өкіл имамы:

Айт намазын осындай ауада былай айтқанда таза ауада, мешіттің ауласында оқуға рұқсат бергені біздің жамағатты қуантты. Өйткені бұл жақсы жұмыс. Айт намазы Алланың берген сыйы. Бұрынғы айт намаздарынан қандай ерекшелік болды дейтін болсақ, ең бірінші әрине біздер таза ауада айт намазын оқыдық. Сосын екінші ара қашықтықты ұстадық. Үшінші бетперде кидік.

Айт намазы биылғы жылы таңғы сағат 7:00-де басталды. Пандемияға дейін намаздан соң мереке қарсаңында мешіт ауласында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, діни байқаулар өткізілетін. Биыл ондай мүмкіндік жоқ. Келер жылы барлығы өз қалпына келеді деп үміттенеміз.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
22:51, 16 маусым 2021
ХҚКО «ASHYG» қосымшасы арқылы жұмыс істейді
Толығырақ...
22:50, 16 маусым 2021
Үкімет қыркүйекке дейін халықтың 60 %-ын вакцинациялауды тап...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...