ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Оңтүстіктен келген дәрігер

20:22, 2 желтоқсан 2021

Бүгінде ауылдық жерде қызмет ететін жас мамандардың саны артып келеді. Тіпті, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өзге өңірлерден Павлодар облысына қоныс аударғандар да бар. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.

24 жастағы Закир Баратов ақ халатты дәрігер. Ол Алматы медициналық институтында 7 жыл білім алған. Биыл көптен күткен дипломын қолына алып, қызметіне кірісті. Жас маман алатаулы Алматы қаласынан Железин еліне қоныс аударған. Бүгінде аудан игілігі үшін еңбек етіп, елді-мекеннің ауруханасында жалпы практика дәрігері болып жұмыс істейді.

Закир Баратов, дәрігер:

Мен маман ретінде сұранысқа ие болатын бос жұмыс орнын іздедім, ол жерде өз біліктілігімді көрсете алатын, тұрақты табысым болғанын қаладым. Павлодар облысы дәрігерлер үшін ең жоғары еңбек ақысы төленетін өңірлердің бірі.

Қазір Закир Рахымұлы жалпы практика дәрігері ретінде қабылдау жүргізеді. Ол бала кезінен болашақта дәрігер болатынына кәміл сенген.

Закир Баратов, дәрігер:

Мен кіші ініме дереу көмек көрсетуім керек болдым. Себебі, меннен басқа жанында ешкім болмады. Сол кезден, егер адамның жағдайы күрт нашарласа, ол тек өзіне сену керек екенін түсіндім. Сол сәттен дәрігер боламын деп шештім.

Кейіпкеріміз Павлодар облысына оңтүстіктен солтүстікке бағдарламасы арқылы қоныс аударды. Ол жас маман болғандықтан, мемлекет тарапынан бірқатар қосымша көмек алды.

Закир Баратов, дәрігер:

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мен бірінші кезекте әкімдіктен көтерме жәрдемақы алдым, сондай-ақ пайызсыз ипотека бойынша тұрғын үй сатып алдым. Оған қоса, мен Алматы облысынан келгенімнің есебінен қоныс аудару бағдарламасына түстім.

Железин халқы жас маманды құшақ жая қарсы алған. Жергілікті меценат және қайырымдылыққа жаны құмар «Неупокоев» шаруа қожалығының басшысы жас дәрігерге 1,5 миллион теңге сертификатын табыс етті.

Закир Баратов, дәрігер:

Ол ауылға жұмыс істеу үшін келген жас мамандарға көмектескенді жөн деп санайды.  Материалдық, моральдық жағынан болсын. Ол аурухананың, мектептің, басқа да сала құрылымдарын қолдайды. 

Закир Баратов тәжірибесінің аздығына қарамастан, аурухана жүгінетін адамдар оның мықты маман екенін біледі.

Закир Баратов, дәрігер:

Алғашқы уақытта олар маған «Балам, дәрігерді шақыршы» деп айтатын. Мені әлі танымайтын, мәселен бір жасы үлкен қария келсе, Терапевт қайда? Мені терапевтқа жазшы деп сұрайды. Ал, медбикелер міне алдарыңызда отыр ғой деп жауап береді.

Закір Рахымұлы алатаулы Алматы жерінен болғандықтан, туған жерінің табиғатын сағынады. Алайда, Ертіс-Баян өңірінің де тамаша табиғаты Алматыдан кем түспейді. Бұл жерге де  тамсанып, ғашық болған.

 

 

Мөлдір Сағидолла, Раиса Моргунова

Тақырып бойынша материалдар

Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
18:28, 28 қаңтар 2022
Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
Толығырақ...
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
18:26, 28 қаңтар 2022
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
Толығырақ...
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
18:24, 28 қаңтар 2022
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...